خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Бұл хабар / Аллаһ және Оның Елшісінен, сендер келісім жасасқан мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / бас тартуы жайлы
۳.Әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен адамдарға үлкен қажылық күні бір хабар: «Аллаһтың әрі Оның Елшісінің мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қатысы жоқ. Егер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубегекелсеңдер / , ол - өздерің үшін қайырлы. Ал егер, теріс бұрылсаңдар, онда Аллаһты әлсірете алмайтындарыңды біліңдер!» / Ей, Мұхаммед! / Күпірлік етушілерді / Аллаһқасерік қосушыларды / күйзелтушіазаппен«сүйіншіле»
۴.Тек мүшріктерден / Аллаһқа серікқосушылардан / сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді
۵.Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۷.Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге / келісімге қатысты / туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді
۲۴.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін / жазасын / келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді
۲۸.Ей, иманға келген дер! Шын мәнінде мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / - нәжас / таза емес / . Сондықтан олар осы жылдан кейін әл-Харам мешітіне жақындамасын. Егер жоқшылықтан қорқатын болсаңдар, жақында Аллаһ қаласа сендерді Өз кеңшілігінен байытады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۲۹.Кітап берілгендерден, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін, Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді тыйым салынған деп есептемейтін әрі хақ дінді ұстанбайтындармен, олар кішірейген / бағынған / күйде өз қолдарымен / арнайы / салық / жизия / бергенге дейін, соғысыңдар
۳۰.Иудейлер: «Ұзайыр - Аллаһтың баласы», - деді. Ал, христиандар: «Масих - Аллаһтың баласы», - деді. Бұл - олардың құр ауыздарымен айтқан сөздері. Олар бұрынғы сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқақарсы келгендердің / сөзіне ұқсас сөз айтады. Оларға Аллаһтың лағнеті болсын! Олар / ақиқаттан / қайда бұрылып бара жатыр
۳۱.Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие / құдай / етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға / Аллаһқа / құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа / құлшылық етуге лайықты / құдай жоқ. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан пәк
۳۴.Ей, иманға келгендер! Анығында, / Кітап берілген қауымның / дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және / оларды / Аллаһтың жолынан қайтарады. / Ей, Мұхаммед / / Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
۳۶.Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта - он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні / белгілеген / . Олардың төртеуі тыйым салынған / айлар / . Міне, осы - тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / бірге екенін біліңдер
۳۷.Шын мәнінде, / айларды / кейінгежылжыту - күпірлік етуді / Аллаһқа қарсыкелуді / арттыра түседі. Күпірлік етушілер / имансыздар / - осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны / кез келген айды / бір жылы халал / рұқсат етілген / етіп, бір жылы харам / тыйым салынған / етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді
۳۸.Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / гөрі осы / өткінші / жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен / ақиреттегімен / салыстырғанда болмашы ғана
۴۰.Егер сендер оған / Елшіге / көмектеспесеңдер, / онда біліңдер, / күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар / оны екеудің екіншісі етіп /Меккеден / шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына / Әбу Бәкірге / : «Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын / тыныштық / түсірді және оны сендер көрмеген әскермен / періштелермен / қолдады. Әрі күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келгендердің / сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
۴۲.Ей, Мұхаммед! / Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар / мұнафиқтар / саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», - деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі
۶۰.Анығында, садақалар / зекеттер / жоқ-жітікке, кедейлерге және оған / зекетті жинауға / қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға / ислам дінін жаңа қабылдағандарға / , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және / жолда қалған / жолаушыға, Аллаһ тарапынан / белгіленген / бір парыз ретінде, / осыларға / тән. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۶۱.Олардың / мұнафиқтардың / ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол - құлақ»,- деп айтатындар бар. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға / мүміндерге / сенеді және сендерден иманға келгендер үшін - бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», - деп
۶۹.Сендер өздеріңнен алдыңғылар сияқтысыңдар / ей, мұнафиқтар / . Олардың күш-қуаты сендерден артық және дүниелері мен балалары да көп еді. Олар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көрді. Өздеріңнен алдыңғылар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көргендей, сендер де өз үлестеріңнен пайдаланып, рахатын көрдіңдер. Олар / өтірікке / батып берілгендей, сендер де / ақиқаттан өзгеге / сүңгіп берілдіңдер. Олардың амалдары бұл өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетті. Міне, солар - нағыз зиянға ұшырағандар
۷۰.Оларға өздерінен бұрынғы Нұх, Ад жәнеСәмүд елдерінің, Ибраһим елінің, Мәдиян тұрғындарының және ойрандалған елді мекендердің хабары келмеді ме? Елшілер Оларға анық дәлелдермен келген еді. Аллаһ Оларға әділетсіздік жасаған жоқ. Алайда, олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады
۷۱.Иманды / мүмін / ерлер мен иманды / мүмін / әйелдер - бір-біріне дос, қамқоршы. Олар құпталғанға бұйырады, тыйым салынғаннан қайтарады, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұнады. Міне, осыларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана
۷۴.Олар / мұнафиқтар / : «Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты / . Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
۸۰.Ей, Мұхаммед! / Олар / мұнафиқтар / үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері / сенбегендіктері, қарсылықтары / себебінен. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолмен жүргізбейді
۸۱.Артта қалдырылғандар, Аллаһтың Елшісіне қайшы келіп, қалып қойғандарына мәз болды және Аллаһ жолында дүниелері әрі жандарымен соғысуды жек көрді. Әрі «Мына ыстықта / соғысқа / шықпаңдар», - деді. Айт:«Жаһаннамның оты бұдан да қатты ыстық!» - деп. Егер олар оны түсінетін болса
۸۳.Ей, Мұхаммед! / Ал, егер Аллаһ сені олардан / мұнафиқтардан / болған бір топқа-қайтарып, олар сенен / соғысқа / шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» - деп айт
۹۴.Ей, Мұхаммед! / Сендер / жорықтан / қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. / Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сен­дерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», - деп
۹۹.Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын / садақа, зекеттерін / Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۱۰۶.Сондай-ақ / жорықтан қалушылардың ішінде / басқа біреулер де бар. Аллаһ олар жайлы үкім бергенге дейін / Оларға қатысты шешім! кешіктіріледі. Ол оларды не азаптайды, не істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۱۰۷.Ал, сондай зиян тигізу және күпірлік ету / қарсылықты қолдау / әрі имандылардың арасын ажырату үшін және Аллаһ пен Елшісіне бұрыннан қарсы соғысқан біреу үшін / мұсылмандарды / торуылдайтын орын етіп мешіт салғандар, әлбетте: «Біз жақсылықтан басқаны қаламадық», - деп ант ішеді. Аллаһ олардың суайт екендігіне куәлік береді
۱۱۱.Ақиқатында, Аллаһ имандылардан / мүміндерден / - олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы - ұлы жетістік
۱۱۲.Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар / тәубе етушілер / , Құлшылық жасаушылар, / Аллаһқа / мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. / Ей, Мұхаммед, / әрі имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле
۱۱۷.Аллаһ Пайғамбарды және қиындық сағатында оған еріп шыққан мұһажирлер мен ансарларды, олардың кейбіреулерінің жүректері ауытқуға жақын қалғаннан кейін,Өзіне бойсұнуға қайтарды / тәубеге келтірді / . Ол олардың тәубесін қабыл етті, өйткені Ол - оларға аса Мейірбан, ерекше Мейірімді
۱۱۸.Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті / . Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді / . Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді
۱۲۰.Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды. Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді