خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Мұхаммед! / Олар / сақабалар / се­нен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп
۱۹.Ей, мүшріктер, / егер сендер жеңіс / шешім шығарылуын / сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс / шешім шығарылды / . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге
۲۶.Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз бо­лып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар
۳۶.Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады
۴۱.Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні - екі топ / Бәдірде / кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге / Елшінің / жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен / жолда қалған / жолаушыға тиісті. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
۴۲.Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші
۴۸.Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді
۶۰.Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды
۷۲.Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар - бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші