۲.Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік
۳.Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар
۹.Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз
۱۳.Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді
۱۹.Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың
۲۱.Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді
۲۲.Оларға / : «Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді
۲۷.Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады
۲۸.Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз