خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф Ләм Мим Сад
۲۲.Сөйтіп ол / Ібіліс / оларды алдау арқылы түсірді. Олар ол ағаштан татқан кезде, екеуінің ұятты жерлері көрініп қалды да үстеріне Жәннат жапырақтарын жаба бастады. Сон­да Раббысы оларға: «Сендерді бүл ағаштан қайтармадым ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» - деп үндеді
۲۷.Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннат тан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін шешкен еді. Негізінде ол және оның тектестері / жын тайпасы / сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік
۳۲.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» - деп. / Әрі / : «Бұл / несібе / осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», - деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз
۳۳.Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», - деп
۳۷.Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын өтірік санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Міне, соларға Кітаптан үлестері тиеді. Ал, оларға елшілеріміз / жан алушы періштелер! жандарын алу үшін келген кезде: «Аллаһты қойып, табынғандарың қайда?» - дейді. олар / : «Олар бізден жоқ болып кетті» - деп, өздерінің кәпірліктеріне өздері айғақ болады
۳۸.Аллаһ: «Өздеріңнен бұрын өткен жын мен адамдар қауымдары қатарында Отқа кіріңдер», - дейді. Бір ел оған кірген сайын, алдыңғы өткендерді қарғайды. Қашан олар, оның ішінде түгелімен жиналған кезде, кейінгілері алдыңғылары жайлы: «Раббымыз, бізді мыналар адастырды, оларға Оттан еселенген азап бер», - дейді. / Аллаһ / : «Әркімге еселі / азап / бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», дейді
۴۳.Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау - бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», - дейді. / Оларға / : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», - деп үнделеді
۴۴.жәннаттықтар оттағыларға / тозақтағыларға / дауыстап: «Негізінде, біз Раббымыздың уәде еткенін ақиқат түрінде таптық. Ал, сендер өздеріңнің Раббың уәде еткенін ақиқат түрінде таптыңдар ма?» - дейді. олар. «Иә», - дейді. Сонда олардың екі арасында бір жаршы жар салады: «Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге
۴۸.Ағрафтағылар (жәннат пен тозақтың арасындағы бөгет. Ол жерде әлі не Жәннатқа, не тозаққа кіретіні белгісіз адамдар тұрады. Олардың ізгі амалдарымен жаман істері тең) өздері белгілерінен та­нитын / тозақтағы / адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді
۵۳.Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші / шапағат етуші / бар ма екен, бізге ара түссе / шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», - дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды
۵۴.Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету - Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі
۵۷.Әрі Ол - мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар етіп жібереді. Ал қашан, ол / желдер / ауыр бұлттарды көтерсе, оны өлі өлкеге айдап барып, оған су түсіреміз де осы арқылы жемістердің әрбір түрінен шығарамыз. Біз өлілерді де осылай шығарамыз. Бұл еске алуларың / ғибраттануларың / үшін
۶۹.Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа / олардың орнын басушылар / еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», - деді
۷۱.Һуд / : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың / пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», - деді
۷۳.Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты / жібердік / . / Ол / \ «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады
۷۴.Оның сендерді Ад елінен кейін ха­лифа / орнын басушылар / еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», - деді
۸۵.Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы
۸۹.Аллаһ бізді / ұстанған / діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған / жала жапқан / боламыз. Бізге оған / діндеріңе / қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен - шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», - деді
۹۶.Егер де ол мекендердің тұрғындары иманға келіп, тақуалық еткендерінде / Аллаһтың / жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , онда Біз Оларға аспаннан да, жерден де берекелер ашып қоятын едік. Алайда олар өтірікке шығарғандықтан, істеп тапқандары / күнәлары / үшін оларды ұстадық
۱۲۷.Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» - деді. / Фиръаун / : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», - деді
۱۳۷.Әлсіз саналған / езілген / елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық
۱۴۳.Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сон­да ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / : «Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді
۱۴۶.Жер бетінде өздерін, құқығы болмаса да жоғары санағандарды белгілерімнен теріс бұрамын. Олар қандай да бір белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер түзу жолды көрсе, оны жол етіп ұстанбайды. Ал, адасу жолын көрсе, соны өздеріне жол етіп алады. бұл олардың белгілерімізді өтірікке шығарғандары әрі одан қаперсіз, немқұрайлы болғандары себепті
۱۵۰.Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді
۱۵۵.Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа қауымынан жетпіс кісіні таңдап алды. Оларға бір сілкініс тұтқан кезде, / Мұса / : «Раббым! Егер де қаласаң оларды және мені бұрын жоқ етер едің. Сен бізді жетесіздеріміздің істегені үшін жоясың ба? Негізінде бұл - Сенің сынағың ғана. Ол арқылы Сен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға түсіресің. Сен - біздің Қамқоршымызсың! Бізді кешір әрі бізге рақым ет! Кешірушілердің ең қайырлысы - Сенсің
۱۵۶.Бізге осы өмірде жақсылық жаза гөр және соңғы, мәңгілік өмірде де Ақиретте де / Біз істеген күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубеге келдік / »,-деді. / Аллаһ / : «Мен кімді қаласам азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім барлық нәрсені қамтиды. Мен оны тақуалық ететіндерге / жазамнан қорқып, сақтанатындарға / , зекетті беретіндерге және аяттарымызға сенетіндерге жазамын
۱۵۷.солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға / Нәбиге / - өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын - Елшіге / Расулға / ереді. Ол / Елші / оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға / Құранға / ергендер, міне солар - жетістікке жетушілер», - деді
۱۵۸.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп
۱۶۰.Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді
۱۶۳.Ей, Мұхаммед! / Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға катысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары / бойсұнбағандықтары / үшін осылай сынаймыз
۱۶۹.Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның / осы өмірдің / көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», - дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
۱۷۶.Егер қаласақ, оны сол / аяттар, иман / арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге / дүние қызықтарына / жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы - оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы - осы. Оларға ойланулары / ғибрат алулары / үшін хабарларды айтып жеткіз
۱۸۷.Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп
۱۸۸.Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян / келтіру / билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты / жасырын нәрселерді / білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», - деп
۱۸۹.Ол / Аллаһ / сендерді бір жаннан / Адам атадан / жаратты және одан жұбайын жасады, / сөйтіп / оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда / жақындасқанда / жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда / жұбайының / аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі / перзент / берсең, біз, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп тіледі
۲۰۳.Ей, Мұхаммед! / Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» - дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», - де. Міне, осы / Құран / - сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім