۱۷.Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті
۳۲.Мүмкін Раббымыз бізге бұның орнына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», - десті
۳۳.Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса
۳۴.Шын мәнінде, тақуалар үшін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысында - Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтары бар
۳۹.Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», - деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма
۴۳.Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде / осы өмірде / сәжде жасауға шақырылған болатын
۴۴.Ей, Мұхаммед! / Енді осы Сөзді / Құранды / өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз
۴۸.Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды
۴۹.Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге / жағалауға / айыпталған күйде лақтырылар еді
۵۱.Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Еске салуды / Құранды / тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол - анық жын соққан», - дейді