۲.Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол - аса Үстем, өте Кешірімді
۳.Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан - Сол / Аллаһ / . Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба
۵.Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен / аспан денелерімен / безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға / шайтандарға / Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабын әзірледік
۶.Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге / сенбегендерге / Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол - баратын орын неткен жаман
۸.Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» - деп сұрайды
۹.Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», - дегенбіз», - дейді
۱۰.Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», - дейді
۱۲.Шын мәнінде, өздерінің Раббысынан, Оны көрмей тұрып қорқатындарға кешірім әрі үлкен сый / Жәннат / бар
۱۳.Сендер сөздеріңді жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да, әлбетте, Ол - көкіректердегіні / жүректердегіні / Білуші
۱۵.Ол сендерге жерді көнгіш / пайдалануға жеңіл / етті. Оның / жердің / жан-жағында / барлық тарабында / жүріңдер және Оның / Аллаһтың / ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар
۱۶.Аспандағының / Аллаһтың / сендерді жерге, теңселіп тұрған кезінде жұттырып жіберуінен қауіпсізсіңдер ме
۱۷.Немесе сендер, аспандағының / Аллаһтың / өздеріңе тасты дауыл жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Жақында сендер ескертуімнің қалай екенін білесіңдер
۱۹.Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды / ауада / әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Көруші
۲۰.Сендердің әр-Рахманнан басқа жәрдем беретін жасақтарың кім / олар бар ма / ? Шын мәнінде, кәпірлер тек алданышта
۲۱.Егер Ол ризық беруін тоқтатса, сендерге кім ризық береді? Ақиқатында, олар қасарысуда және безулерін жалғастыруда
۲۳.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер / », - деп
۲۶.Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде / ол жайлы / білім - тек Аллаһта. Ал, мен - анық ескертуші ғанамын», - деп
۲۷.Ал, оны / Есеп күнін / жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің / Есеп күнін өтірікке шығарғандардың / жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» - делінеді
۲۸.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» - деп
۲۹.Айт: «Ол - әр-Рахман / аса Қайырымды / , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік / . Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер», - деп
۳۰.Айт: «Айтыңдаршы, егер суларың жер астына сіңіп кетсе, сендерге ағатын су көзін кім келтіреді?!» - деп