خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында / бекітілген күту мерзімінде / талақ етіңдер және идданы / күту мерзімін / есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы - Аллаһтың / белгілеген / шектері. Кім Аллаһтың шектерінен / тыйымдарынан / аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер
۲.Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды құпталған бойынша қалдырыңдар немесе олармен құпталған бойынша ажырасыңдар әрі араларыңнан әділ болған екі ер адамды куә етіңдер және куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар. Аллаһқа және Ақирет күніне сенгенге осымен насихат етіледі. Кім Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды
۶.Өздерің тұратын жерден оларға шамаларыңа қарай тұрақ беріңдер. Әрі оларға қысым көрсету үшін / олар өздері кетсін деп / зиян жасамаңдар. Ал, егер олар жүкті болса, құрсақтарындағыны босанғандарына дейін оларға қаражат жұмсаңдар. Егер олар сендер үшін / босанғаннан кейін балаларыңды / емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер және өзара құпталғанға сай кеңесіңдер. Ал егер келісе алмасаңдар, онда ол үшін / баланы / басқа әйел емізеді
۱۱.сендерге Аллаһтың анық аяттарын оқитын Елшіні / жіберді / - иманға келіп және ізгі амал жасағандарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оны астынан өзендерағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Шын мәнінде, Аллаһ оның үлесін көркем етті