خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», - дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді
۴.Ей, Мұхаммед! / Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар - жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар / шындықтан / қайда бет бұрып барады