خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Барлық мақтау аспандарды және жерді жаратқан әрі қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаһқа! Ал, содан кейін күпірлік етушілер / қарсы келушілері, өздерінің Раббысына / өзгелерді / теңестіреді
۶.Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәлары себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық
۱۴.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандарды және жерді жасап шығарған Аллаһтан басқаны қамқоршы етіп аламын ба? Ол / барлығын / қоректендіреді, ал Оны / ешкім / қоректендірмейді», - деп. «Ақиқатында мен бойсұнушы болғандардың алғашқысы болуға бұйырылдым», - деп. Әрі мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / болма
۱۹.Ей, Мұхаммед! / Айт: «куәлікте қай I нәрсе үлкен?» - деп. Айт: «Аллаһ менімен сендердің араларыңа куә. Маған осы Құран сендерді және хабар жеткендерді ескертуім үшін уахи етілді. Сендер Аллаһпен бірге басқа құдайлар бар деп шынымен куәлік бересіңдерме? Ал мен куәлік бермеймін!» - деп. Айт: «Шын мәнінде, Ол - жалғыз құдай. Сендердің Оған бір нәрсені серік етіп қосуларыңа менің қатысым жоқ», - деп
۲۵.Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде сені тыңдап көретіндер де бар. Бірақ Біз олардың / серік қосушылардың / ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Олар әрбір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті өзіңмен тартысуға алдыңа келген кезде, сол күпірлік еткендер / аяттарды теріске шығарушылар / : «Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілерінен басқа нәрсе емес», - дейді
۳۱.Аллаһпен болатын кездесуді өтірік санағандар, зиянға ұшырады. Ал өздеріне Сағат / қиямет / кенеттен келгенде, олар: «Ол өмірімізде жіберіп алғандарымыз үшін біз қандай қасіретке тап болдық», - дейді. Әрі олар жүктерін / күнәларын / арқаларына көтеріп жүреді. Олардың көтерген нәрсесі неткен жаман
۳۴.Анығында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікшіге шығарылған еді. Сонда олар өздерінің өтірікшіге шығарылғанына және көрген зәбірлеріне Біздің жәрдеміміз келгенге дейін сабыр етті. Аллаһтың сөздерін өзгертуші жоқ. Ақиқатында, жіберілген елшілер жайындағы хабарлардан кейбірі саған келді
۵۰.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге: «Менің қасымда Аллаһтың қазыналары бар», - деп айтпаймын әрі мен ғайып / жасырын / нәрселерді білмеймін және сендерге өзімді періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін», - деп. «Соқыр мен көре алатын адам бірдей бола ала ма? / Ақылдарыңды істетіп / , ойланбайсыңдар ма?» - де
۵۴.Ей, Мұхаммед! / Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сендерге амандық болсын. / Сәләмун ъалайкум! / Раббыңыз Өзіне мейірімді жазған. Сендерден біреу білместікпен бір жамандық істеп, содан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және түзетсе, ақиқатында, Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт
۵۹.Ғайыптың кілттері Ода / Аллаһта / , оны тек Ол ғана біледі / басқа ешкім білмейді / . Ол құрлықтағыны да, теңіздегіні де біледі. Оның білуінсіз бірде-бір жапырақ түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы бір дән болсын, сұлы немесе құрғақ нәрсе болсын, барлығы да анық Кітапта / жазулы
۶۳.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Оған жалбарына әрі құпия түрде: «Ол бізді осыдан / апаттан / құтқарса, әлбетте біз шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғысбілдірушілерден / боламыз», - деп / көмекке / шақырған кездеріңде, сендерді құрлық және теңіз қараңғылықтарынан кім құтқарады?» - деп
۶۵.Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», - деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал
۷۰.Өз діндерін ойын әрі бос ермек етіп алғандарды және осы өмір алдағандарды жайына қалдыр. Әрі онымен / Құранмен / жанның істеп тапқандары / күнәлары / салдарынан құритындығын еске сал. Оған Аллаһтан өзге ешбір қамқоршы да, арашашы да болмайды. Әрі қандай төлем берсе де одан алынбайды. Міне, солар - істеген істерінің салдарынан, өздерін жойылуға душар еткендер. Оларға, күпірліктері / иманды теріске шығарғандықтары / үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі күйзелтуші азап бар
۷۱.Ей, Мұхаммед / / Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», - деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған / өзін жоғалтқан / біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» - деп. Айт: «Аллаһтың жолы - анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық
۸۰.Сөйтіп, елі онымен тартысқа түсті. Ол: «Сендер мені тура жолға түсірген Аллаһ жайында тартысасыңдар ма? Мен сендердің Оған серік етіп қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені қаласа ғана / оның қалағаны болады / . Раббымның білімі барлық нәрсені қамтыған. Еске алмайсыңдар ма / ескермейсіңдер м
۸۴.Әрі Біз оған Исқақ пен Йаъқубты сыйладық және олардың барлығын тура жолмен жүргіздік. Сондай-ақ, бұрын Нұхты да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ұрпақтарынан Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Иусуфты, Мұса және Һарұнды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
۹۱.Олар / : «Аллаһ адам баласына еш нәрсе түсірмеді», - деп, Аллаһтың қадірін лайықты түрде білмеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдар үшін нұр және тура жол ретінде Мұса әкелген Кітапты кім түсірді? Сендерге / онымен / өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілген еді. Ал сендер оны бөлек-бөлек парақтар етіп, бір бөлігін көрсетесіңдер де және көбісін жасырып қаласыңдар?» - деп және: « / Оны түсірген / Аллаһ!» - деп айт. Содан кейін оларды жалғанға батқан халде жайында қалдыр
۹۲.Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі, / оны / өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы және елді мекендердің анасы / Мекке тұрғындарын / және оның айналасындағыларды ескертуің үшін / түсірдік / . Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндер, оған / Құранға / сенеді әрі олар әрқашан намаздарын сақтайды / барлық шарттарын орындайды
۹۳.Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе өзіне еш нәрсе уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», - деп айтқаннан және: «Мен Аллаһтың түсіргені сияқтыны түсіремін», - дегеннен өткен әділетсіз біреу бар ма? Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды / рухтарыңды / шығарыңдар! Аллаһ жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі Оның аяттарынан өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», - дегенде көрсең
۹۴.Міне, сендер Бізге, алғашқыда жаратқанымыздай жалғыз / болып / келдіңдер. Әрі Біз сендерге берген нәрселерді арттарыңа қалдырдыңдар. Енді өз араларыңда / Аллаһқа / серік деп санаған «қолдаушыларыңды» сендермен бірге көрмей тұрмыз. Араларың үзілді әрі «қолдайды» деп есептеген нәрселерің сендерден жоқ болып кетті
۹۹.Әрі Ол аспаннан су түсірген. Біз ол арқылы әртүрлі өсімдікті шығардық. Одан көк шығарып, ал одан шоғырланған дән шығарамыз. Құрманың түйінінен иілген жемісті шақтар шығарамыз. Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтынзәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар
۱۰۸.Олардың Аллаһтан өзге табынып жатқандарын балағаттап, сөкпеңдер. Олар онда дұшпандықпен ешқандай білімсіз Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Содан кейін олар өздерінің Раббысына қайтады. Сонда, Ол оларға не істегендерінің хабарын береді
۱۱۲.Осылайша әрбір пайғамбарға адамдар мен жынның шайтандарын жау етіп қойдық. Олардың кейбірі өзгелерін алдап-арбау үшін көркемделген / өтірік / сөзді айтып иландырады. Егер де Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Енді оларды және олардың ойдан құрастыратындарын да жайына қалдыр
۱۱۴.Ей, Мұхаммед!!'. «Ол сендерге анық түсіндірілген Кітапты / Құранды / түсірген болса да Аллаһтан өзгені төреші етуді қалайын ба?» - де. Ал, Бізден Кітап берілгендер / иудей, христиандар / , оның / Құранның / Раббыңнан ақиқатпен түсірілгенін біледі. Сен мүлде, күмәнданушылардан болма
۱۱۹.Аллаһтың есімі аталғанды жемейтіндей сендерге не болды? Ол сендерге, егер / жеуге / мәжбүр болмасаңдар, ненің тыйым салынғанын / харам етілгенін / анықтап түсіндірді. Әрі ақиқатында, көпшілік ешбір білімсіз өздерінің көңіл құмарлықтарына еріп / өзгелерді / адастырады. Анығында, Раббың шектен шығушыларды жақсы біледі
۱۲۴.Қашан оларға бір белгі келсе, олар: «Бізге Аллаһтың елшілеріне берілгендей нәрсе берілмейінше, мүлдем сенбейміз»,- деді. Аллаһ елшілікті қайда қоятынын / кімге беретінін / жақсы біледі. Қылмыс жасағандар жасаған айла-шарғылары үшін жақында Аллаһтың алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады
۱۲۸.Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы / жынның шайтандары / ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» - дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», - дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың - От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», - дейді. Ақиқатында, Раббың - аса Дана, бәрін Білуші
۱۳۰.«Ей, жын және адамдар тобы! Сендерге өздеріңнен Менің аяттарымды баян ететін әрі сендерді осы күндеріңе жолығудан сақтандыратын елшілер келмеді ме?» - / деп айтылады / . Олар: «Біз өзімізге қарсы, өзіміз куәлік етеміз», - дейді. Оларды осы өмір алдады. Олар өздерінің кәпір болғандарына куә болды
۱۳۶.Олар Аллаһқа, Оның Өзі жаратқан егін мен малдардан үлес ажыратып, жалаң ойларымен: «бұл - Аллаһқа, ал бұл - серіктерімізге», - деді. Серік еткендеріне арналғанды Аллаһқа деп бөлген үлестеріне қоспай, ал Аллаһқа арналғанды серік еткендерінің үлестеріне қоса беретін. Олардың ұйғарғандары неткен жаман
۱۳۷.Әрі осылайша мүшріктердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көбіне олардың серіктері / шайтандары / оларды құрту үшін, әрі діндерін шатастыру үшін, балаларын өлтіруді әдемі етіп көрсетті. Егер Аллаһ қалағанда, олар мұны істемес еді. / Ей, Мұхаммед! / Енді оларды да, олардың ойдан құрастырғандарын да жайына қалдыр
۱۳۸.Олар өздерінің негізсіз пайымдаулары бойынша: «Мына малдар мен мына егінді біз қалағаннан басқаның жеуіне тыйым салынған», - дейді. Сондай-ақ, олар кейбір малдарды мінуге тыйым салды. Олар кейбір малдарға Оның есімін атамайды. Бұл - Оған қатысты өтірік, жала. Ойдан құрастырған өтіріктері үшін, Ол жақында оларды жазалайды
۱۳۹.Олар: «Бұл малдардың құрсағыңдағылар біздің еркектеріміз үшін арналып, жұбайларымызға тыйым салынған. Ал, егер ол өлі болып / туылса / , онда оған олардың бәрі ортақ болады», - деді. Осылай сипаттағандары үшін Ол / Аллаһ / оларға жақында жазасын береді. Ақиқатында, Ол - аса Дана , бәрін Білуші
۱۴۱.Әрі Ол / Аллаһ / аспалы және өзге бақтарды - құрмалар, өнімдері әртүрлі егіндер, зәйтүн мен анарды, бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын етіп пайда қылды. / Олар / жеміс бергенде оның жемісінен жеңдер және жинап алған күні оның хақысын / құшырын / беріңдер. Әрі ысырап қылмаңдар. Ақиқатында, Ол ысырап қылушыларды жақсы көрмейді
۱۴۴.Сондай-ақ, түйеден екеу және сиырдан екеу. Айт: «Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашсын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? әлде Аллаһ сендерге осыны бұйырып, сонда сендер куә болдыңдар ма?» - деп. Адамдарды білімсіз адастыру үшін, Аллаһ туралы / ойдан / өтірік шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар?! Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
۱۴۵.Айт: «Өзіме уахи етілгеннің ішінде, азықтанушы үшін - өлекседен, ағызылған қаннан, доңыз етінен немесе бойсұнбаушылық ретінде, Аллаһтан өзгеге арналып сойылғаннан басқаны азық етуге тыйым салынғанын таппадым. Ал, бұл аталғандар - харам / тыйым салынған / . Алайда кім мәжбүр болып, бірақ өзі қаламай әрі шектен өтпей / жесе / , ақиқатында Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді » - деп
۱۴۶.Иудейлікті ұстанғандарға әрбір / мал, құстан / тырнақтыны тыйым салдық. Сондай-ақ сиырдың және қойдың жон арқасындағы қатпар майы, ішек майы, не жілік майынан басқа майларына тыйым салдық. Бұны Оларға шектен шыққандықтары үшін жаза етіп бердік. Ақиқатында, Біз - шын сөздіміз
۱۴۸.Аллаһқа серік қосушылар / мүшріктер / : «Егер Аллаһ қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмас едік», - дейді. Олардан бұрынғылар да біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған болатын. Айт: «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана ересіңдер әрі тек өтірік айтасыңдар», - деп
۱۵۰.Айт: «Аллаһтың бұған тыйым салғанына куәлік беретін куәларыңды әкеліңдер», деп. Олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме. Сондай-ақ аяттарымызды өтірік санағандардың және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтін әрі Раббысына теңдес қосатындардың көңіл құмарлығына ерме
۱۵۱.Айт: «Келіңдер, Раббыңыздың сен¬дерге тыйым салған нәрселерін оқып берейін: «Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар және кедейліктен / қорқып / балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз.Жиіркенішті істерге және оның ашық та,жасырын да түріне жақындамаңдар.Сондай-ақ өлтірілуіне Аллаһ тыйым салған жанды өлтірмеңдер, тек, егер құкықты түрде / заң бойынша / болмаса. Ол мұны сендерге, ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін өсиет етіп тапсырды
۱۵۲.Жетімнің мал-дүниесіне жақындамаңдар. Алайда, ол балиғатқа жеткенінше / зиян келтірмей / , жақсы түрде пайдалансаңдар болады. Өлшеуді және таразыға тартуды туралықпен толық орындаңдар. Біз әрбір жанға шамасы келетінді ғана жүктейміз. Сөйлегендерінде әділ болыңдар, тіпті жақындарың болса да. Әрі Аллаһ алдындағы сертті толық орындаңдар. Ол мұны сендерге еске алуларың үшін бұйырды
۱۵۷.не болмаса: «Егер де бізге Кітап түсірілгенде, біз жолды олардан да тура ұстаған болар едік», - деп айтпауларың үшін !де түсірілді / .Анығында, сендерге Раббыңыздан анық дәлел, тура жол және мейірім келді. Аллаһтың аяттарын өтірік санаған және одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аяттарымыздан бет бұрғандарға, теріс айналғандары үшін, жақында қайтарым жаза ретінде азаптың ең ауырын береміз
۱۵۸.Ей, Мұхаммед! / Олар өздеріне періштелердің келуін не Раббыңның келуін немесе Раббыңның белгілерінен кейбірінің келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейбірі келетін күні ешбір жанға, егер ол алдын сенген болмаса, не иманымен бір игілік істеген болмаса, оған сенімі пайда бермейді. Айт: «Күтіңдер! Біз де күтеміз», - деп
۱۶۴.Айт: «Аллаһ - барлық нәрсенің Раббысы бола тұра, Одан басқаны Раббы / Ие / ретінде іздейін бе?» - деп. Әрбір жанның істеген зияны өзіне ғана. Бір де біреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Ал кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді