خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Аспандағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол аса Үстем, аса Дана
۲.Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді / келісімді бұзғандарды / алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар / зерделі жандар
۷.Аллаһ елді мекен тұрғындарынан Өз елшісіне соғыссыз олжа етіп берген нәрселер -Аллаһқа, Елшіге, оның жақындарына, жетімдерге, жоқ-жітікке және жолда қалғандарға тиісті. / бұл, олжалар / сендердің қатарларындағы байлар арасында / үлестіріліп / қолдан-қолға өтетін нәрсе болмауы үшін. Елші сендерге не берсе соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар және Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһтың жазасы қатты
۹.Ал, олардан алдын / Мәдинада / үй-жайы болып әрі иманда орныққандар / ансарлар / , өздеріне қоныс аударғандарды / муһажирлерді / жақсы көреді, кеуделерінде оларға берілген нәрселерге ешқандай қажеттілік, кірбіңдік сезбейді. Әрі өздерінде мұқтаждық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер
۱۱.Мұнафиқтарды көрмедің бе, Кітап берілген қауым қатарындағы күпірлік етуші / имансыз / бауырларына: «Егер сендер шығарылсаңдар, онда біз де міндетті түрде сендермен бірге шығамыз. Сендерге қатысты ешкімге, ешқашан бағынбаймыз. Егер сендермен соғысса, әлбетте сендерге жәрдем береміз», - деп айтатын. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екендігіне куәлік береді
۱۴.Олар, қорғандар ішінде не қамалдардың артынан болмаса, сендермен бәрі бірге соғыспайды. Олардың өз араларындағы қарсылықтары қатты. / Ей, Мұхаммед! / Сен оларды бірлікте деп ойлайсың, алайда олардың жүректері әртүрлі. Бұл, олардың ақылын істетіп ұғынбайтын адамдар болғандығы себебінен
۲۳.Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Мәлик / бүкіл әлемдердің шын Билеушісі / , әл-Қуддус / барлық кемшіліктен пәк / , әс-Сәлам / амандық иесі әрі айып, нұқсаннан таза кемелділік иесі / , әл-Мүмін / иманға келгендердің сенімін Растаушы / , әл-Муһаймин / Сақтаушы, бәрін бақылап тұрушы / , әл-’ Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Жаббар / Бағындырушы / әрі әл-Мутәкәббир / ақиқи ұлылық Иесі / . Аллаһ, олардың серік етіп қосқандарынан пәк