۹.Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды / Нұхты / жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», - деп жәбірлеп, тыйым салды
۱۴.Ол / кеме / Біздің көз алдымызда жүзеді, / елі / күпірлік еткенге / теріске шығарғанға / қайтарым сый ретінде
۲۵.Ескерту / уахи / біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», - деді
۲۷.«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да / не істейтіндерін күтіп / сабыр ет
۳۱.Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды
۳۴.Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда / таң алдында / құтқардық
۳۵.Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің / шүкір еткеннің / қайтарым сыйын осылай береміз
۳۶.Ол / Лұт / оларға Біздің ұстауымызды / азапқа тартуымызды / ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды
۳۷.Олар одан қонақтарын / беруді / талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар
۴۲.Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық
۴۶.Күмәнсіз, Сағат / Қайта тірілу / - оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат - өте ауыр, мүлдем ащы
۵۴.Анығында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / / Жәннаттағы / бақтар мен өзендер арасында