۲.Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл - бір таңқаларлық нәрсе екен
۴.Біз олардан / мүрделерінен / жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар
۶.Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат / жарықшақ / жоқ
۷.Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды / тауларды / тастадық / орнаттық / , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік
۸.мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу / ғибрат / үшін істедік
۱۱.құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. / Қабірлерден / шығу да осылай болады
۱۲.Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары / құлық иелері / және Сәмұдтықтар / елшілерін / өтірікші санады
۱۴.Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің / жазамен / қорқытуым шындыққа айналды / орындалды
۱۵.Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға / қайта тірілтуге / қатысты күмәндануда
۱۶.Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын / уәсуәса еткенін / білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз
۱۹.Әрі өлім арпалысы / жан шығатын кездегі қиыншылық / ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең - міне осы
۲۲.«Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді
۲۷.Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», - дейді
۳۱.Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жәннат жақындатылып, / олардан / алыс болмайды
۳۳.сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге
۳۶.Біз олардан / Мекке кәпірлерінен / бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын / құтылатын / жер болды ма
۳۸.Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді
۳۹.Ей, Мұхаммед! / Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
۴۰.және түннің бір бөлігінде және сәжделердің / намаздардың / артында да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
۴۵.Ей, Мұхаммед! / Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал / насихат ет