خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Біз саған анық жеңіс бердік
۶.Әрі Аллаһқа байланысты жаман ой ойлаған мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерді және Аллаһқа серік қосушы ерлер мен серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін. Жамандық олардың өздеріне қайтады. Аллаһ оларға ашуланды, оларды лағнет етті және оларға Жаһаннамды дайындады. Ол баратын орын неткен жаман
۱۱.Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
۱۵.Сендер олжа алу үшін жорыққа шыққандарыңда / соғысқа шықпай / қалдырылғандар: «Бізді жіберіңдер, сендерге ерейік», - дейді. Олар Аллаһтың сөзін өзгертуді қалайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер бізге ешқашан ермейсіңдер. Аллаһ сендерге қатысты бұрын осылай деген», - деп. Сонда олар: «Жоқ, сендер бізден қызғанып тұрсыңдар», - дейді. Анығында, олар аз ғана түсінеді
۱۶.Ей, Мұхаммед! / Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер / Аллаһтың бұйрығына / бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», - деп
۲۵.Олар - күпірлік еткендер / Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар / , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына / күнәға / қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін / осылай істеді / . Егер де олар бір-бірінен / ерекшеленіп / бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / күйзелтуші азапқа душар етер едік
۲۶.Күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігіне қарсы шьщцандар/ өз жүректеріне қайнаған ыза-кекті - жәһилият кезінің ыза-кегін кіргізген кезде, Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және имандылардың үстінен сакинасын / тыныштығын / түсірді, әрі оларға тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылық / сөзін айрылмас / тұрақты / етті. Олар бұған хақылы әрі лайықты еді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
۲۹.Мұхаммед - Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған / намазда иілген / , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері - жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы - тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. / Бұл / кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый / жәннат / уәде етті