خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / және / адамдарды / Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді
۴.Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті / . Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді
۱۲.Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарғакіргізеді. Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / болса, олар / дүниеден / рахаттанып пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді жеп-ішеді. Олардың тұрағы - От / тозақ
۱۵.Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма
۳۸.Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне / өз зиянына / ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани / Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес / , ал сендер - мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды