خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ха. Мим
۴.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп
۸.Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », - деп
۱۰.Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл / Құран / Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер / мойындамасаңдар / әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға / Тәуратқа / куә болып, кейін / Құранға / сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», - деп
۱۵.Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім / . Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді
۱۷.Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сен­дерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді
۲۰.Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген сол күні / Оларға /:«Сендер дүниелік өмірлерінде / берілген / жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың / бойсұнбауларың / үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді
۲۶.Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат / мүмкіншілік / бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес / жүректі / бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды
۳۵.Ей, Мұхаммед / / Елшілерден ъазм иелері сабыр еткендей, сабыр ет және олар үшін / жазаны / тездетуді сұрама. Олар өздеріне уәде етіліп жатқанды көрген күні күндізден бір уақыт қана тұрғандай болады. Бұл / Құран / -бір жеткізу. Бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан басқасы жойылатын ба еді