۴.Әрі күмәнсіз, ол / Құран / - Біздегі негізгі Кітапта / Ләухул-махфузда / . Ол - өте жоғары, хикметті
۹.Ей, Мұхаммед! / Егер олардан / Аллаһқа серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар сөзсіз: «Оларды бәрінен Үстем, бәрін Білуші жаратты», - дейді
۱۱.әрі Ол аспаннан суды мөлшермен түсірді. Біз онымен өлі мекенді тірілттік. Сендер де осылайша / қабірлерден / шығарыласыңдар
۱۳.оларға мінулерің үшін, кейін оның үстіне мініп отырғанда өздеріңнің Раббыңның игілігін еске алып: «Бізге мұныбағынышты еткен Ол / барлық кемшіліктен / пәк, әйтпесе біздің оған шамамыз келмес еді
۱۵.Ал, олар / Аллаһқа серік қосушылар / Оның құлдарынан бір бөлімін / періштелерді / Оның бөлігі етті / Оған таңды / . Негізінде, адам анық күпірлік етуші / берілген игіліктерді анық мойындамаушы
۱۷.Қашан олардың бірі, өздері әр-Рахманға мысал етіп таңғанмен / қызбен / сүйіншіленсе, ішінен тынып, жүзі түнеріп кетеді
۱۹.Әрі олар / мүшріктер / әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады
۲۰.Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», - деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады
۲۲.Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді
۲۳.Ей, Мұхаммед! / Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», - деді
۲۴.Ол / пайғамбар / : «Мен сендерге ата-бабаларың ұстанғаннан да тура нәрсені / дінді / әкелсем де ме?» - деді. Олар: «Біз сендермен жіберілгенге әлбетте сенбейміз», - деді
۲۶.Кезінде Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ / олардан бас тартамын
۲۹.Иә, Мен / Аллаһ / бұларды / мүшріктерді / және олардың ата-бабаларын, өздеріне ақиқат әрі анық Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім
۳۲.Раббыңның игілігін солар бөліп бере ме? Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның мейірімі олардың жинағандарынан қайырлы
۳۳.Егер де адамдардың бір қауым болып алуы болмағанда, әр-Рахманға күпірлік еткендердің / қарсы келгендердің / үйлерінің шатырлары мен оған көтерілетін сатыларын күмістен жасар едік
۳۴.сондай-ақ олардың үйлеріндегі есіктерді де және олар сүйеніп отыратын жұмсақ жиһаздарды да / күмістен жасар едік
۳۵.әрі әшекейлерді де. Анығында бұлардың барлығы осы өмірдің ғана болмашы нәрсесі. Ал Раббыңның алдындағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / арналады
۳۶.Кімде-кім әр-Рахманның Еске салуынан / Құраннан / теріс бұрылса, Біз оған шайтанды бекітіп қоямыз да ол оған ажырамас серік болады
۳۷.Әрі сөзсіз, олар / шайтандар / бұларды тура жолдан қайтарады, ал бұлар өздерін тура жолдамыз деп есептейді
۳۸.Ал, қашан Бізге келгенде, ол / серігіне / : «Әттең! Мені мен сенің араң екі шығыстың / батыс пен Шығыстың / қашықтығыңдай болса еді! Қандай жаман серіксің!» - дейді
۳۹.Оларға / : «Сендер әділетсіздік істедіңдер, бүгін азапта бірге болуларың сендерге еш пайда бермейді», - делінеді
۴۰.Ей, Мұхаммед! / Сен кереңдерге естірте аласың ба немесе соқырларды және анық адасуда болғандарды тура жолға сала аласың ба
۴۵.Сен өзіңнен бұрын жіберген елшілерімізден / олардың үмметтерінен / сұра, Біз әр-Рахманнан өзге құлшылық етілетін құдайлар жасадық ба
۴۶.Әрі Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Ол: «Ақиқатында мен бүкіл әлемдердің Раббысының елшісімін», - деді
۴۸.Әрі Біз оларға бір белгі көрсетсек, сөзсіз, ол алдыңғысынан үлкен болды. Сондай-ақ, Біз оларды қайтулары үшін азапқа ұшыраттық
۴۹.Сонда олар / фиръаундықтар / : «Ей, сиқыршы! Біз үшін Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл, біз тура жолға келеміз»,- деді
۵۱.Әрі Фиръаун еліне жар салып: «Ей, елім! Мысырдың билігі әрі мына астымнан ағып жатқан өзендер менікі емес пе? Көрмей тұрсыңдар ма
۵۳.Әрі неге оған алтыннан білезіктер тағылмаған? Немесе неге онымен періштелер бірге еріп келмеген?» - деді
۵۴.Ол елін жеңіл ойлы / байыппен ойламайтын / санады, ал олар оғанбағынды. Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді
۵۶.Әрі оларды / өздері секілді / кейінгілерге / теріс / жол салушы және өзгелер үшін ғибратты мысал еттік
۵۸.Әрі олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде ол ма?» - дейді. Олар оны сенімен дауласу үшін ғана келтіреді. Негізінде, олар даушыл ел
۶۱.Оларға айт / : «Ақиқатында ол / Иса / -Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы - тура жол
۶۳.Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар
۶۴.Ақиқатында, Аллаһ - менің де Раббым әрі сендердің де Раббың. Сондықтан Оғанқұлшылық етіңдер. Осы - тура жол», - деді
۶۵.Алайда діни топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай әділетсіздік еткендерге күйзелтуші Күннің азабынан үлкен қасірет бар
۶۶.Олар өздеріне кенеттен, сезбеген күйлерінде келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсені күте ме
۶۷.Сол күні тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан / басқа жақын достар біріне-бірі жау болады
۶۸.Аллаһ тақуаларға / : «Ей, Менің құлдарым! Сендерге бүгін қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар», - дейді
۷۰.Оларға / : «Сендер және жақын достарың шаттыққа бөлендірілген күйде Жәннатқа кіріңдер», - делінеді
۷۱.Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар
۷۷.Олар: «Ей, Мәлик / тозақ сақшысы / !Раббың бізді өлтірсін», - деп дауыстайды. Ол: «Сендер / мәңгілік / қаласыңдар», - дейді
۸۰.Әлде олар өздерінің жасырын сырларын және құпия әңгімелерін Біз естімейді деп ойлай ма? Олай емес! Біздің елшілеріміз / періштелер / олардың жанында жазып жүреді
۸۱.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әр-Рахманның баласы болса, онда мен алғашқылардан болып, құлшылық еткен болар едім», - деп
۸۳.Оларды жайына қалдыр, өздеріне уәде етілген Күніне жолыққандарына дейін бос сөздерге батып, ойнап-күліп жүре тұрсын
۸۵.Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Өзінде болған Ол - аса Берекелі. Сағат / Қайта тірілу күні / жайлы білім Оған тән. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
۸۶.Олардың / мүшріктердің / Одан өзге жалбарынатындары ара түсу күшіне / шапағат етуге / ие емес. Тек ақиқатқа куәлік бергендер басқа, олар біледі
۸۷.Ал, егер олардан / серік қосушылардан / өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады
۸۹.Ей, Мұхаммед! / Олардан / кең пейілдікпен / бұрылып: «Тыныштық болсын!»- деп айт. Жақында олар білетін болады