خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ха. Мим
۱۳.Ол сендерге діндерінде Нұхқа бұйырғанын әрі / ей, Мұхаммед! / саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исағабұйырғанымызды: «Дінді толық орындаңдар және онда / дінде / бөлінбеңдер», - деп бекітті. Сенің шақырған нәрсең серік қосушыларға ауыр тиді. Аллаһ оған / дініне / Өзі қалағанды таңдайды әрі Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолмен жүргізеді
۱۴.Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана өзара қызғаныштан бір-біріне іштарлықпен әділетсіздік етіп, жікке бөлінді. Егер де Раббыңнан белгіленген мерзімге дейінгі берілген Сөз болмағанда, олардың арасына үкім берілер еді. Ал, олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер бұған қатысты қатты күмәнда
۱۵.Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп
۲۲.Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол / амалдарының жазасы / оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік
۲۳.Бұл - Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші
۴۵.Әрі сен олардың оған / тозаққа / келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра / ұрлана / қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер - олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», - дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты / мәңгі / азапта болады
۴۸.Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған / күнәлі / істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам / берілген / игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады
۵۲.Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың