خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ха. Мим
۲۵.Әрі Біз оларға «жолдастар» / серіктер / бекітіп қойдық. Оларға / ол серіктері / алдарындағы және арттарындағыны әдемі етіп көрсетті. Сөйтіп өздерінен бұрын өткен жындар мен адамдардың қауымдарына қатысты / жазаға тарту жайлы / Сөз бұларға да тиісті болды. Шын мәнінде, олар зиян шегушілерден болды
۴۴.Егер де оны араб тілінен басқа тілдегі Құран еткенімізде, олар / құрайыш мүшріктері / : «Араб тілдіге басқа тілде ме? Оның аяттары неге анықтап түсіндірілмеді?» - дейтін еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл / Құран / - иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолдыұстануға басшылық / әрі шипа. Ал, иманға келмейтіндердің құлақтарында керендік бар әрі бұл / Құран / олар үшін соқырлық. Бұлар - бір алыстан шақырылғандар / секілді / », - деп
۴۷.Сағат / Қайта тірілу күні / туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» / Маған таңғандарың / қайда?» - деп оларға үндейді. Олар / серік қосушылар / : «Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», - дейді
۵۰.Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл - мен үшін. Мен Сағатты / Қайта тірілу күнін / болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , - дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз