خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ха. Мим
۵.(Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі / солар секілді / топтар да / елшілерді / жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды / өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Менің жазалауым қандай екен
۷.Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим / тозағының / азабынан сақтай гөр
۲۱.Олар жер бетінде / сапарлап / жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде соңында қалдырғандарымен мықты еді. Аллаһ оларды күнәлары үшін ұстады / жазалады / және оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмады
۲۸.Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым - Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды
۳۷.аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», - деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы / жаман істері / көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес
۶۴.Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі
۶۷.Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар
۷۸.Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді
۸۲.Олар / иманға келмегендер / жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді