خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Бұл Кітаптың / Құранның / түсірілуі, бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан
۳.Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», - дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні / Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны / Аллаһ тура жолға салмайды
۶.Ол сендерді бір адамнан / Адам атадан / жаратты, кейін одан оның жұбын жасады. Әрі Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен түсірді. Ол сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратады. Міне, осы Аллаһ - сендердің Раббың. Билік - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бет бұрып бармақсыңдар
۷.Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
۸.Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп
۱۰.Айт! / Оларға Раббыңның / : «Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан / Оныңжазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз», - дегенін
۲۱.Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар
۲۳.Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
۳۸.Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп
۴۲.Аллаһ жанды / құлдарының жандарын / өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді / ол жанды / ұйқыда жатқан кездерінде / уақытша / алады. Сөйтіп / құлдарынан / өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар
۴۷.Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны / Оның барлығын / төлемге берер еді. Оларға / ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді
۷۱.Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды
۷۳.Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем / амандық болсын / ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған / жәннатқа / мәңгі тұратын болып кіріндер!» - дейді