۶.Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе
۸.Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» - деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен / Құраннан / күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады
۹.Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Уаһһаб / сый Беруші / Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма
۱۰.Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса / қолынан келсе / олар жолын тауып / аспанға / көтерілсін
۱۲.Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың / үлкен әскердің / иесі Фиръаун да / елшілерді / өтірікке шығарды
۱۶.Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді / азабымызды / Есеп күнінен бұрын бізге тездет», - дейді / келеке етіп
۱۷.Ей, Мұхаммед / / Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді
۱۸.Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен / Дәуітпен / бірге Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық
۲۱.Ей, Мұхаммед! / Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа / құлшылық ететін орынға / дуалдан асып келген еді
۲۲.Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет
۲۳.Бұл - менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», - деді
۲۴.Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына / қосып алу үшін / сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», - деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп / сәждеге / жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді / тәубе етті
۲۵.Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
۲۶.Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол / еру / сені Аллаһтың жолынан адастырады / ауытқытып, шығарады / . Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар
۲۷.Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл - сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / Оттан үлкен қасірет бар
۲۸.Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / күнәһарлармен бірдей етеміз бе
۲۹.Ей, Мұхаммед! / Біз саған түсірген Кітап - берекелі. / Адамдар / оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін / түсірдік
۳۲.Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол / күн / тосық артына жасырынғанша / күн батқанша / , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын
۳۴.Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол / Раббысына / беріле, бойсұна жүгінді / тәубе етті
۳۵.Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді
۴۱.Ей, Мұхаммед! / Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» - деп үн қатты
۴۳.Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық
۴۴.Әрі оған / : «Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен / әйеліңді / ұр және берген антыңды бұзба», - дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы
۴۵.Ей, Мұхаммед! / Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал
۴۹.Ей, Мұхаммед! / Бүл еске салу / ескерту / . Ақиқатында тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / қайтар мекеннің көркемі
۵۹.Тозақ періштелері / : «Мына топ сендермен бірге кіреді», - дейді. / Тозақтықтар / : «Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», - дейді
۶۰.Тозаққа кейін кіргендер / : «Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны / тозақты / бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» - дейді
۶۲.Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді / бұл жерде / неге көрмей тұрмыз
۶۵.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен - тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ
۶۶.Ол - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», - деп
۷۲.Оны / рет-ретімен / теңестіріп Өзімдегі / иелігіміздегі / рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», - деді
۷۵.л / Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» - деді
۸۵.Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», - деп
۸۶.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен / бұған / өз ойымнан жалған қосушылардан / өзгертушілерден / емеспін