۱۱.Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық
۲۲.Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар
۳۵.Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын
۱۰۲.Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді
۱۰۵.Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз
۱۱۳.Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар
۱۵۸.Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді
۱۷۷.Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады