خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар
۳.Ал, сондай күпірлік етушілер / Қайта тірілуді мойындамайтындар / : «Бізге Сағат / Қайта тірілу / келмейді», деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені / ғайыпты / білуші Раббыммен ант етемін! Ол / Қайта тірілу күні / сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, / бәрі де / анық Кітапта / жазулы / ,- деп
۱۲.Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз
۱۳.Олар оған, ол қалаған құрылыстарды / сарайлар мен мешіттерді /, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. / Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші / берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші
۱۵.Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді
۱۹.Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар
۲۲.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһпен қатар / құдай деп / есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі / аспандар мен жердегі / ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ
۳۱.Әрі сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері / ерушілері / өздерін жоғары санағандарға / басшыларға / : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», - дейді
۳۳.Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме
۴۳.Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр ғана», - деді
۴۶.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден / бірлесіп / және бір-бірден / жеке / тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол - бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп