خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Пайғамбар! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
۴.Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен / аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған / әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз / бел / балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді
۵.Оларды / асыранды балаларды / өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۶.Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында / үкімінде / мүміндерге және муһажирлерге / қоныс аударғандарға / қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл / үкім / Кітапта жазылған
۱۳.Сол кезде олардың бір тобы / мұнафиқтар / : «Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы / иманы әлсіздері / : «Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», - деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар / соғыстан / қашуды ғана қалады
۱۹.сендерге / олжаны / сараңдық еткен күйде. Қашан оларға қауіп төнсе, олардың саған көздері төңкеріліп, өздерін өлім есірігі басқандай қарағанын көресің. Ал қауіп-қатер кеткенде, жақсылыққа / олжалар бөлінгенде / сараңдық етіп, сендерге ащы тілдерін тигізіп ренжітеді. Олар иманға келмеді, сөйтіп Аллаһ олардың амалдарын зая кетірді. Бұл Аллаһқа жеңіл
۳۲.Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендер / басқа / әйелдердің бірі секілді емессіңдер. Егер тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сөйлегендеріңде жұмсақ болмаңдар, өйткені ол / олай сөйлесу / жүрегінде дерті бар біреуге түрткі болып дәмелендіреді. / Шариғатта / құпталғанға сай сөз сөйлеңдер
۳۳.Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы / исламға дейінгі / надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар / көріктеріңді ашпаңдар / .ШНамазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. / Ей, Пайғамбардың / үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды
۳۵.Ақиқатында Мұсылман / бойсұнушы / ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін / иманды / ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді / сөзін амалымен растаушы / ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, / Аллаһқа / беріле бойсұнушы ерлер және / Аллаһқа / беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін / еркектік пәктігін / қорғаушы ерлер және / әйелдік пәктігін / қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және / Аллаһты көп / еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый / жәннатты / дайындады
۳۷.Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтан», - дедің. Аллаһ саған / уахи етіп / анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың / дұрыс түсінбеуінен / қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген / онымен айрылысқан / кезде, Біз сені оған / Зәйнабқа / үйлендірдік. / бұл / имандыларға / мүміндерге / , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған / айрылысқан / кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады
۵۰.Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға / мәһрсіз / тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе / рұқсат еттік / . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға / иманға келгендерге / әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін / рұқсат етілді / . Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
۵۱.Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , аса Ұстамды, Жұмсақ / Халим
۵۳.Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ / тамақтың / дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан / оны түсіндіруден / ұялмайды. Егер олардан / әйелдерінен / бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы - сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен / күнә
۵۵.Оларға / пайғамбардың әйелдеріне / әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында / жамылғысыз / жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! / Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә
۷۳.Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі / үшін / . Әрі Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді