خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф. Ләм. Мим
۱۰.Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны / тіреуді / егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды / тауларды / тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда / жерде / барлық көркем түрлерді өсірдік
۱۲.Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір / . Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік
۱۵.Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін
۲۰.Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын / көрінбейтін / игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар
۳۲.Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / .Ал қашан оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олардың кейбірі / шүкірліктерін / кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші / шүкіршілік етпеуші / ғана теріске шығарады
۳۳.Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын