خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф. Ләм. Мим
۹.Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Олар күш-қуат жағынан бұлардан мықты еді, олар жерді жыртып, оны бұлардың игергенінен артық игерген еді. Оларға елшілер анық дәлелдермен келді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті
۲۸.Ол сендерге өздерің туралы мысал келтірді. Біз сендерге ризық етіп бергенімізге сендердің қол астарыңдағылардан / құлдарыңнан / серік болатындар бар ма? Әрі сендер олармен оған / меншіктеріңе / қатысты / құқық тұрғысынан / тең болып, олардан өздеріңнен / өздерің секілді меншікке үлесі бардан / қорыққандай қорқасындар ма? Біз ақылдарын істетіп, үғынатын адамдарға аяттарымызды осылай анық етіп түсіндіреміз
۴۰.Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
۴۸.Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды / теңіздерден / Шқозғап / көтеріп / , содан оны / бұлттарды / аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе / жаудырса / , сонда олар қуанады