خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.ӘлифЛәм Мим
۷.Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі / . Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді
۱۳.Ақиқатында, / Бәдір соғысында / бір-біріне кездескен екі топта сендер үшін бір белгі-ғибрат болды. Бір топ Аллаһ жолында соғысты, ал басқасы кәпірлер болатын. Олардың көздеріне / мұсылмандар / өздерінен екі есе көрінген еді. Аллаһ Өз жәрдемімен қалағанын қолдайды. Анығында, мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар
۱۵.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ - құлдарын Көруші
۲۰.Ей, Мұхаммед! / Егер олар сенімен тартысса: «Мен жүзімді Аллаһқа бойсұндырдым әрі маған ергендер де», - деп айт. Әрі Кітап берілгендер мен білімсіздерге: «Сендер бойсұндыңдар ма?» - де. Егер олар бойсұнса онда тура жолда. Ал теріс айналса, шын мәнінде, саған - жеткізу ғана міндет. Аллаһ - құлдарын Көруші
۲۸.Имандылар / мүміндер / имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан / имансыздардан / қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Әрі қайтуларың - Аллаһқа / Оған қайтасыңдар
۳۷.Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына - михрабқа / құлшылық орнына / кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан / келуде / ?»- деді. Ол / Мәриям / : «Ол - Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», - деді
۴۴.Ей, Мұхаммед! / Бұл - Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар / ғибадатхана өкілдері / Мәриямды қарауына қайсысы алатынына / анықтау үшін / қаламдарын / жеребе етіп / тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің
۴۹.әрі оны Исраил / Йаъқубтың / ұрпақтарына Елші етеді. / Иса / \ «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар
۵۰.Әрі мен сендерге алдымдағы Тәураттағыны растаушы ретінде және сендерге тыйым салынған нәрселердің кейбіріне / Аллаһтың әмірімен / рұқсат беру үшін / келдім / . Әрі мен сендердің Раббыңнан белгі-дәлелмен келдім. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар
۵۵.Аллаһ айтты: «Ей, Иса! Ақиқатында, Мен сені дүниеден алып, Өз тарапыма көтеремін әрі сені күпірлік еткендерден / теріске шығарғандардан / тазартып, саған ілескендерді Қайта тірілу күніне дейін күпірлік етушілерден / қарсы келушілерден / жоғары қоямын. Содан кейін қайту - Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда, қайшылыққа түскен нәрселеріңе қатысты араларыңа үкім беремін
۶۱.Ал, өзіңе келген білімнен кейін кім сенімен ол / Иса / жөнінде тартысса: «Келіндер, біз өз балаларымызды әрі сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің де әйелдеріңді, әрі өзімізді және өздеріңді шақырайық та, содан кейін жалбарынып, өтірікшілерге Аллаһтың лағнетін тілейік», - деп айт
۶۴.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Аллаһтан өзге - иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар
۷۳.Әрі діндеріңе ергеннен басқаға сенбеңдер», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, тура жол - Аллаһтың жолы», - деп. / Олар тағы бір-біріне / : «Сендерге берілгендей нәрсе біреуге берілмеуі немесе олар сендермен Раббыңыздың алдында тартыспауы үшін», - деді. Айт: «Анығында, кеңшілік - Аллаһта. Ол оны қалағанына береді. Аллаһ - аса Кең , бәрін Білуші», - деп
۷۵.Кітап берілген қауымның ішінде мол дүниені сеніп тапсырсаң, оны өзіңе қайтаратындары бар. Сондай-ақ, олардың ішінде бір динарды сеніп тапсырсаң, қашан басында тұрып алмағаныңша, оны саған қайтармайтындары бар. Бұл олардың: «Сауатсыздарға қатысты бізге жол / күнә / жоқ», - деп айтқандары себепті. Олар біле тұрып, Аллаһқа қатысты өтірік айтады
۸۱.Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, даналық бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір Елші келсе, міндетті түрде оған сенесіңдер және жәрдем бересіңдер», - деп серт алды. / Оларға / : «Растадыңдар ма әрі жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» - дегенде, олар: «Растадық!» - деді. / Аллаһ / : «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын», - деді
۸۴.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Біз Аллаһқа сендік / иманға^ келдік / және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және оның әулеттеріне түсірілгенге, сондай-ақ, Мұсаға, Исаға және пайғамбарларға Раббысы тарапынан берілгенге / сендік / . Олардың ешқайсысының араларын бөлмейміз. Әрі Біз - Оған бойсұнушымыз», - деп
۱۰۳.Барлығың Аллаһтың арқанынан ай­рылмай ұстаңдар әрі бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Аллаһтың өздеріңе берген игілігін еске алыңдар, сендер / бір-біріңе / жау болған кездеріңде, Ол жүректеріңнің арасын жарастырып, Оның игілігімен бауырларға айналдыңдар. Әрі сендер бір От / тозақ / шыңырауының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Сендер тура жолмен жүрулерің үшін Аллаһ сендерге Өз аяттарын осылай түсіндіреді
۱۱۰.Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар / бойсұнбаушылар
۱۱۲.Олар Аллаһтың жібімен / қорғауымен / болмаса және адамдардың жібімен / келісімі аясында / болмаса, қай жерде табылса да қорлыққа ұшыратылды. Әрі олар Аллаһтың ашуына тап болып, жоқшылыққа ұшыратылды. Бұл - олардың Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / мойындамаулары, қарсы келулері / және өлтіруге құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері себепті. Әрі бұл олардың бойсұнбаулары және шектен шыққандықтары үшін
۱۱۸.Ей, иманға келгендер! Өздеріңнен болмаған басқаларды дос, сырлас етіп алмаңдар. Олар сендерге нұқсан келтіретін сәтті қалт жібермейді. Олар сендердің қиныншылықта қалуларыңды қалайды. Олардың / сендерді / жек көрулері көмейлерінен байқалды. Ал, көкіректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер ақылдарыңды істетіп ұғынатын болсаңдар, сендерге аяттарды анықтап түсіндіріп бердік
۱۱۹.Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», - дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», - деп айт. Ақиқатында, Аллаһ - көкіректердегіні жақсы Білуші
۱۲۰.Егер сендерге бір жақсылық жетсе, бұл оларды қапаландырады, әрі сендерге бір жамандық жетсе, олар бұған қуанады. Ал, егер сабыр етсеңдер әрі тақуа болсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , олардың қулық-сұмдығы сендерге ешбір зиян тигізбейді. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы
۱۴۴.Мұхаммед бір Елші ғана. Одан бұрын да елшілер өтті. Егер ол өлсе, не өлтірілсе арттарыңа қайтып кетесіңдер ме? Кім артына қайтатын болса, Аллаһқа ешбір зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір етушілердің / берген игіліктеріне алғыс білдірушілердің! қайтарым сыйын, әлі-ақ береді
۱۴۵.Әрбір жан тек Аллаһтың рұқсатымен ғана, анық жазылып белгіленген мерзімде өледі. Әрі кім осы өмірдің сыйын қаласа, оған одан береміз. Ал, кім соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйын қаласа, оған да одан береміз. Әрі Біз шүкір етушілердің I берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің / қайтарым сыйын жақында береміз
۱۵۲.Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / кеңшілік Иесі
۱۵۴.Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу / жеңіл ұйқы / түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» - деп өздері жайлы уайымда болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», - деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», - дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі / тағдырында / жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл - Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
۱۵۶.Ей, иманға келгендер! Жер жүзінде сапарда немесе жорықта болған бауырлары туралы: «Егер де олар қасымызда болғанда өлмес те, әрі өлтірілмес те еді», - дейтін күпірлік етушілер / мұнафиқтар мен имансыздар / тәрізді болмаңдар. Аллаһ бұны / айтқан сөздерін / олардың жүректеріне қайғы-қасірет ету үшін істеді. Аллаһ тірілтеді және өлтіреді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды Көруші
۱۵۹.Ей, Мұхаммед! / Сен оларға Аллаһтың мейірімімен жұмсақтық таныттың. Егер дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді. Оларды кешір және олар үшін / Аллаһтан / кешірім тіле әрі іс жөнінде олармен кеңес. Қашан / бір іске / шешім қабылдасаң, Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Шын мәнінде, Аллаһ Өзіне жүгініп, Оған істерін тапсырушыларды / тәуекел етушілерді / жақсы көреді
۱۶۷.Әрі мұнафиқ болғандарды да білуі / анықтауы / үшін. Оларға: «Келіңдер, Аллаһ жолында соғысыңдар немесе қорғаныңдар»делінген еді. Олар: «Соғысты / болатынын / білгенімізде, әлбетте арттарыңнан ерер едік»,- деді. Сол күні олар, иманға қарағанда күпірге / имансыздыққа / жақын еді. Олар тілдерімен жүректерінде жоқнәрсені айтады. Негізінде,Аллаһ олардың не жасырып тұрғандарын жақсы біледі
۱۷۹.Ей, Мұхаммед! / Аллаһ жақсыдан жаманды айырғанға дейін имандыларды / мүміндерді / сендер болған осы халде / жағдайда / қалдырып қоюшы емес. Аллаһ сендерге ғайыпты білдірмейді. Бірақ, Аллаһ елшілері арасынан Өз қалағанын таңдап алады. Ендеше Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер! Егер иманға келсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сендерге ұлы сый бар
۱۸۰.Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл - оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
۱۸۳.Ей, Мұхаммед! / Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», - дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» - деп
۱۸۶.Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен серік қосушылардан көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық қылсаңцар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / ақиқатында, бұл шешімді / табандылықтанытатын / істерден
۱۹۵.Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді
۱۹۹.Ақиқатында, Кітап берілген қауымның ішінде Аллаһқа әрі сендерге түсірілгенге / Құранға / және өздеріне түсірілгенге / Тәурат пен Інжілге / сенетіндер, Аллаһқа берілгендер, Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмайтындар бар. Міне, солардың сыйы - олардың Раббысында. Негізінде, Аллаһ - есепті жылдам алушы