خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Та. Син. Мим
۱۵.Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған / түскі демалыс / уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл - шайтанның ісінен. Өйткені - ол жау, анық адастырушы», -деді
۲۳.Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында / мал / суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, / қойларын / қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» - деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», - деді
۲۷.Ол / әкесі / : «Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен / бір қайыр / . саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ / Аллаһ қаласа / , менің түзулерден екенімді көресің», - деді
۴۸.Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер / мұғжизалар / оған да берілгенде еді?» - деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар / Мекке мүшріктері / : «Бұл - бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», - деді. Әрі: «Біз / бұлардың / ешқайсысына сенбейміз», - деді