۱۵.Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз
۱۸.Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой
۱۹.Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді
۲۴.Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббысы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді
۲۸.Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді
۴۴.Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді
۴۵.Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады
۴۹.Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді
۵۱.Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді
۵۲.Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік
۶۱.Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді
۶۳.Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды
۱۰۲.Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді
۱۱۸.Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді
۱۳۹.Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
۱۵۴.Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді
۱۵۵.Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді
۱۵۸.Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді
۱۶۶.өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді
۱۸۹.Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді
۲۱۳.Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың
۲۲۷.Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі