خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / сілкінісі - үлкен нәрсе
۵.Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / тамшы судан / ұрық суынан / , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген / шайналған секілді / еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден / кейбірің / қайтыс болып және / кейбірің / білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын / дәрежедегі / өмірдің ең нашарына / қаусағанкәрілікке / қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, / тіршілік бітіп / ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп / өнім / өсіреді
۱۱.Әрі адамдардың ішінде / иман мен имансыздықтың / ара шегінде тұрып Аллаһқа құлшылық етуші де бар. Егер оған бір жақсылық келсе, ол онымен тынышталады. Ал, егер бір сынақ келсе, ол артына бет бұрып, бұл дүниесін де әрі соңғы мәңгілік өмірін де / ақиретін / жоғалтады. Міне, осы - анық зиян
۱۸.Ей, Мұхаммед! / Сен аспандардағы және жердегілердің, күн мен ай, жұлдыздар, таулар, ағаштар, жануарлар әрі көп адамдардың Аллаһқа сәжде ететінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Сондай-ақ, көбіне азап хақ / лайық / болды. Аллаһ кімді қор етсе, онда оны кұрметтеуші болмайды. Ақиқатында, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды
۲۵.Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / және Аллаһтың жолынан тосушыларға әрі Біз адамдар үшін - ол жерде тұрушылар және сырттан келушілерге - бірдей еткен әл-Харам мешітінен тосатындарға, сондай-ақ, кім ол жерде әділетсіздік етіп / ақиқаттан / ауытқуды қаласа, Біз оған қинаушы азапты таттырамыз
۳۰.Міне, осы / сендерге Аллаһтың бұйырғаны / ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе, бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге / тыйым салынғаны туралы / оқылғаннан басқа малдар рұқсат / халал / етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар
۳۱.Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді
۳۴.Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, / қажылықтағы / құрбандық шалу орнын / Мекке маңайын / белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. / Ей, Мұхаммед! / / Аллаһқа / беріле бойсұнушыларды сүйіншіле
۳۶.Біз құрбандыққа / сою үшін / алынған ірі малдарды / түйе мен сиырды / Шсендерге Аллаһтың белгілерінен еттік. Сендер үшін оларда қайыр бар. Тұрғызылып қойылған кезде / сойылғанда / олардың үстінен Аллаһтың атын еске алыңдар. Ал, жамбастары жерге тиген / жан шығарған / кезде, олардан жеңдер және сұрауға ұялып / азға да / қанағат етуші мен мұқтаждығы себепті сұрайтындарға жегізіңдер. Біз оларды / малдарды / шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін сендерге осылай бағындырдық
۳۷.Аллаһқа олардың / құрбандыққа сойылған малдардың / еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың / жетеді. Сендерді тура жолмен жүргізгендігіне, Аллаһты ұлықтауларың үшін оларды / малдарды / сендерге осылай бағындырып берді. IЕй, Мұхаммед!! Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр
۴۰.Олар елдерінен, «Раббымыз - Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар / келья / , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне / дініне / көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем
۷۲.Ей, Мұхаммед! / Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің / оны мойындамаушылардың / жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол - От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге / имансыздарға / уәде етті. Ол - баратын жердің өте жаманы»,- деп
۷۳.Ей, адамдар! Бір мысал келтірілді, енді оған құлақ салыңдар. Негізінде, солар, Аллаһтан өзге тілек етіп табынғандарыңның, барлығы бірігіп жиналса да ешқашан бір шыбынды да жарата алмайды. Егер шыбын олардан бір нәрсені алып кететін болса, олар одан / шыбыннан / оны кері қайтарып ала алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де әлсіз
۷۸.Аллаһ жолында,Оған лайықты түрде болған ынта-жігермен күресіңдер, Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады. Бұл - аталарың Ибраһимның діні. Елшінің сендерге куә болуы әрі сендердің адамдарға куә болуларың үшін Ол бұдан бұрын және осында сендерді Мұсылмандар / бойсұнушылар / деп атады. Намазды / барлық шарттарын сақтап, ықыласпен, беріле! толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһтан мықтап ұстаңдар. Ол - сендердің қамқоршыларың. Ол - қандай жақсы қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші