۳.жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» - дейді
۴.Ол / Мұхаммед / : «Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді
۵.Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол - ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі - мұғжиза келтірсін», - деді
۶.Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар / мұғжизаны көргенде / иманға келе ме
۷.Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу / Кітап / берілген қауымнан сұрандар
۸.Әрі біз оларды / пайғамбарларды / тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес
۹.Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды / пайғамбарларды / және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік
۱۱.Әрі біз / халқы / әділетсіз болған қаншама елді мекендерді жойдық және олардан кейін басқа халықтарды пайда еттік
۱۳.Оларға: «Қашпаңдар! Өздеріне мол етіп берілгенге / сән-салтанаттарыңа / және үйлеріңе қайтыңдар, мүмкін сендерге өтініш жасайтын болар», - делінді
۱۸.Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол / шындық / оны күйретеді. Сөйтіп, ол / жалған / кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар
۱۹.Аспандардағы және жердегі әркім де - Онікі. Оның құзырыңдағылар / періштелер! Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды
۲۲.Егер екеуінде / аспандар мен жерде / Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы - Аллаһ олардың сипаттағандарынан / жапқан жалаларынан / пәк
۲۴.Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: «Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл / ақиқат, дәлел / - менімен бірге болғандардың Еске салуы / Құран / әрі менен алдын болғандардың Еске салуы / Тәурат, Інжіл / »,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады
۲۵.Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын бір Елші жіберсек, оған: «Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық етіңдер», - деп уахи етпей тұрып жібермедік
۲۶.Сондай-ақ, олар / мүшріктер / : «Әр-Рахман Өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Анығында, / періштелер / құрметтелген құлдар
۲۷.Олар / періштелер / Одан / Аллаһтан / бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды
۲۸.Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді / шапағат етпейді / . Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады
۲۹.Ал олардан кім: «Мен Одан басқа құдаймын», - десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
۳۰.Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер / Аллаһқа сенуден бас тартқандар / көрмей ме / білмей ме / ? Олар сонда да сенбей ме
۳۱.Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық
۳۳.Әрі Ол / Аллаһ / сондай - түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен / орбитасымен / жүзіп жүреді
۳۴.Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті / мәңгі өмірді / бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма
۳۵.Әрбір жан - өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар
۳۶.Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады
۳۷.Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар
۳۹.Күпірлік етушілер / имансыздар / беттері мен арқаларын оттан қорғай алмайтын және оларға көмек берілмейтін кезді білсе еді
۴۰.Негізінде ол / азап / оларға кенеттен келіп, састырып қояды. Сонда олар оны қайтара алмайды әрі оларға мұрсат та берілмейді
۴۱.Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды / елшілерді / келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды / бастарына келді
۴۲.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерді түнде және күндіз әр-Рахманнан кім қорғайды?»- деп. Алайда олар Раббысын еске алудан теріс бұрылуда
۴۳.Әлде оларда өздерін Бізден қорғайтын құдайлары бар ма? Олар өз-өздеріне көмек бере алмайды әрі оларды ешкім де Бізден құтқара алмайды
۴۴.Анығында, Біз оларды және аталарын / бұл өмірде / оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма
۴۵.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін», - деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды / үгіт-ескертуді / естімейді
۴۶.Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: «Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық», - дейді
۴۷.Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз
۴۸.Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік
۴۹.Олар / тақуалар / өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан / Есеп күнінен / зәресіұшып тұрады
۵۶.Ибраһим / : «Жоқ, / әзіл емес / : Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан - Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»,- деді
۵۷.Әрі: «Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»,- деді
۶۳.Ол: «Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»,- деді
۶۵.Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып / бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып / : «Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»,- деді
۶۶.Ол / Ибраһим / : «Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма
۶۷.Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді
۷۳.Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар / жетекшілер / еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды
۷۴.Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық / бойсұнбайтын / ел еді
۷۶.Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп / тілегін қабылдап / , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық
۷۷.Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық
۷۸.Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық
۷۹.Әрі біз оны / дұрыс шешімді / Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық / үкім шығаруды / және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге / Аллаһты / дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік
۸۰.Әрі біз оған / Дәуітке / , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме / берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме
۸۱.Ал, Сүлейменге күшті желді / бағындырдың / . Ол / жел / оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз - барлық нәрсені Білушіміз
۸۲.Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді / бағындырдық / . Әрі оларды Біз күзеттік
۸۳.Әрі Айубқа да, ол Раббысына: «Маған бір пәлекет келді. Ал, Сен - мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деп сұраған кезде
۸۴.оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу / ғибрат / ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік
۸۷.Әрі балық ішінде болғанға да / Йунусқа / . Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», - деп жалынды
۸۹.Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»,- деп жалынған кезде
۹۰.оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар / пайғамбарлар / жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді
۹۱.Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да / Мәриямды / . Біз оған Өзіміздегі рухтан / Жәбірейіл арқылы / үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік
۹۴.Кім иманды болған күйде ізгі амал жасаса, оның әрекет-талпынысы зая кетірілмейді. Әрі күдіксіз, Біз оған / амалдарын / жазып қоямыз
۹۷.Хақ уәде жақындады. Сонда, сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көздері шақырайып, олар: «Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»,- дейді
۹۸.Күмәнсіз, сендер және сендердің Аллаһтан өзге табынғандарың - Жаһаннамның отынысыңдар, сендер оған түсесіңдер
۹۹.Егер де олар / табынғандарың / құдайлар болғанда, онда оған кірмес еді. Олардың барлығы ол жерде мәңгілікке қалады
۱۰۲.Олар оның / тозақтың / сыбдырын да естімейді. Олар жандары қалағандары ішінде / жәннатта / мәңгі қалады
۱۰۳.Оларды ең үлкен қорқыныш қайғыртпайды. Әрі періштелер оларды қарсы алып: «Өздеріңе уәде етілген күн міне - осы!» - дейді
۱۰۴.Ол күні аспанды жазба / жазуғаарналған / парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз / қайта жаратамыз / . бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз / оны / істеушіміз
۱۰۵.Әрі Біз Еске салатыннан / Ләухул-махфуздан / кейін кітаптарда: «Анығында, жерге ізгі құлдарым мұрагер болады», - деп жазғанбыз
۱۰۸.Айт: «Шын мәнінде, маған «Сендердің құдайларың - бір ғана құдай екені» уахи етілді. Енді мұсылман болмайсыңдар ма / бойсұнбайсыңдар ма / ?»- деп
۱۰۹.Егер олар теріс бұрылса: «Мен сендердің бәріңе, бірдей хабарладым. Әрі сендерге уәде етілген нәрсенің жақын не алыс екенін білмеймін
۱۱۱.Мүмкін бұл сендер үшін бір сынақ және белгілі мерзімге дейін пайдалану болар, мен оны білмеймін», - деп айт
۱۱۲.Ол / Мұхаммед / : «Раббым! Ақиқатпен үкім ет. Сендердің сипаттағандарыңа / өтірік, жалаларыңа / қарсы Раббымыз - әр-Рахманнан жәрдем тілейміз», - деді