۶.Аспандардағы және жердегілер әрі ол екеуінің арасындағылар және жердің астындағылардың барлығы - Онікі
۱۰.Кезінде ол бір от көргенде, үй ішіне: «тұра тұрындар. Мен бір от көрдім. Мүмкін сендерге одан бір тамызыққа от әкелермін немесе оттың қасында, бір жол көрсетуші табармын»,- деді
۱۴.Анығында, Мен - Аллаһпын. Менен басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында
۱۵.Әрбір жанға, әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін Мен құпия еткен Сағат / қайта тірілу күні / анық келеді
۱۶.Оған / қайта тірілуге / сенбей, көңілқұмарлығына ергендер, сені одан қайтармасын. Онда сен құрисың
۱۸.Мұса / : «Бұл менің таяғым. Оған сүйенемін және онымен қойларыма талдан жапырақ қағып беремін. Әрі онда басқа да қажеттерім бар», - деді
۳۹.«Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу / тауып / алсын», - деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым
۴۰.Сол кезде әпкең / артыңнан / еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін / емізетін / біреуді көрсетейін бе?» - деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде / қайтып / келдің
۴۷.Оған барып: «Біз - Раббыңның елшілеріміз. Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер әрі оларды қинама. Біз саған Раббыңнан белгі алып келдік. Тура жолға ергенге амандық болады
۴۸.Анығында, өтірікке шығарғандар және теріс бұрылғандар азапқа тартылатыны жайлы Бізге уахи етілді» - деп айтыңдар», - деді
۵۰.Мұса / : «Біздің Раббымыз сондай, әрбір нәрсеге жаратылысын / бейне-бітімін / берген, кейін жолдарын белгілеп көрсеткен», -деді
۵۲.Мұса / : «Олар жайлы білім Раббымдағы Кітапта / Ләухул-Махфузда / . Раббым жаңылмайды әрі ұмытпайды
۵۳.Ол сендер үшін жерді жазық етті және онда сендер үшін жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді», - деді. Сөйтіп онымен түрлі өсімдіктерді жұбымен шығардық
۵۵.Одан / топырақтан / сендерді жараттық және / өлгендеріңнен кейін / оған қайтарамыз әрі / қайта тірілу күні / одан қайта шығарамыз
۵۶.Ақиқатында, Біз оған / Фиръаунға / белгілеріміздің барлығын көрсеттік. Бірақ ол өтірік санап, бас тартты
۵۸.Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді
۵۹.Мұса / : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні / болсын / . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді
۶۱.Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», - деді
۶۳.Олар: «Анығында, бұл екеуі сиқыршы. Сендерді сиқырлары арқылы жерлеріңнен шығаруды және үлгілі жолдарыңды жоюды қалайды
۶۴.Айла-тәсілдеріңді жиып, қатарланып келіңдер. Әлбетте, бүгін үстем болғандар мұратына жетеді»,- деді
۶۶.Мұса!: «Жоқ, сендер тастаңдар», - деді.Сол кезде оған олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының әсерінен ирелеңдеп жүрген секілді көрінді
۶۹.Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», - дедік
۷۱.Фиръаун / : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы / оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ / етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді
۷۲.Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың
۷۳.Ақиқатында,біз Раббымызға сендік, Оның қателерімізді әрі сен мәжбүр еткен сиқырымызды кешіруі үшін. Әрі Аллаһ қайырлы және мәңгілік
۷۴.Кім Раббысына қылмыскер / күнәһар / болған күйде келсе, оғанкүмәнсіз, Жаһаннам бар. Ол онда не өлмейді, не өмір де сүрмейді
۷۵.Ал, кім Оған иманды / мүмін / болып, ізгі амал істеген күйде келсе, міне соларға ең биік дәрежелер
۷۶.астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын ’Адн / жәннатының / бақтары бар. Тазарғандардың қайтарым сыйы -осы
۷۷.Әрі біз Мұсаға: «Түнде құлдарымды алып жүр де оларға теңізде құрғақ жол аш. Қуып жетуінен қауіптенбе және қорықпа», - деп уахи еттік
۸۰.Ей, Исраил ұрпақтары! Біз сендерді жауларыңнан құтқардық және сендермен таудың оң жақ баурайында уәделестік. Әрі сендерге мәнн мен сәлуаны түсірдік
۸۱.Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларынан жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал, кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды
۸۲.Күмәнсіз, Мен, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Мағанбойсұнуға қайтқанды / тәубеге келгенді / әрі иманға келген және ізгі амал істеген, кейін тура жүргендерді көп Кешірушімін / Ғаффар
۸۴.Ол: «Олар менің соңымда жақын жерде келе жатыр. Ал мен, Раббым, разы болуың үшін саған асықтым», -деді
۸۶.Сонда Мұса ашуланған, қайғырған түрде, еліне қайтты. Ол: «Әй, елім! Сендердің Раббың сендерге жақсы уәде бермеп пе еді? Сендерге белгіленген мерзім ұзақ келді ме? Немесе өздеріңнің Раббыңның сендерге қаһары түсуін қалап, маған берген уәделеріңненайныдыңдар ма?»- деді
۸۷.Олар: «Біз саған берген уәдемізді өздігімізше бұзған жоқпыз. Бірақ бізде, ол елдің / Мысырдың / әшекей бұйымдарынан едәуір жүк бар еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша сәмірилік те тастады», - деді
۸۸.Сонда ол / сәмірилік / оларға мөңірейтін үні бар бұзау мүсінін / жасап / шығарды. Олар / оған ергендер / : «Міне, мынау сендердің құдайларың әрі Мұсаның кұдайы. Бірақ ол оны ұмытты»,- деді
۸۹.Олар шынымен-ақ, оның / мүсіннің / өздеріне сөз қайтара алмайтынын әрі не зиян, не пайда тигізуге жарамсыз екенін көрмей ме
۹۰.Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы / жасалған мүсін / арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман / аса Қайырымды / . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді
۹۴.Һарун / : «Ей, анамның ұлы! Менің сақалым мен басымнан жармаспа. Негізінде, мен сенің: «Исраил ұрпақтарының арасын бөлдің және сөзімді ескермедің», - деп айтуыңнан қорықтым»,- деді
۹۶.Ол / сәмірилік / : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны / мүсінге / тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді
۹۷.Мұса / : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз
۹۸.Ақиқатында, сендердің құдайларың - Аллаһ, одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған», - деді
۹۹.Ей, Мұхаммед! / Біз саған осылай, бұрын болып өткен хабарларды айтып береміз. Әрі саған Өз тарапымыздан Еске салатынды / Құранды / бердік
۱۰۴.Біз олардың не айтатындарын жақсы білеміз. Сол кезде олардың ішінен жол тұрғысынан дұрыс болғандары: «Сендер небары бір күн болдыңдар»,- дейді
۱۰۵.Ей, Мұхаммед! / Олар сенен таулар жайлы сұрайды. Айт: «Раббым оларды / түбінен жұлып / , шашып жібереді
۱۰۸.Сол күні олар шақырушыға ереді. Одан жалтарып қалуға мүмкіндік жоқ. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / алдында дауыстар тынып, сыбдырдан басқаны естімейсің
۱۰۹.Сол күні ешбір араға түсушілік / шапағат ету / пайда бермейді, тек әр-Рахман рұқсат еткеннің және сөзінен разы болғанның ара түсуі пайда береді
۱۱۱.Әрі жүздер әл-Хайй / мәңгі Тірі / және әл-Қаййумға / бәріне тіршілік беріп Басқарушыға / бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды
۱۱۲.Ал, кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, ол әділетсіздіктен де, / жақсылықтарының / кемітілуінен де қорықпайды
۱۱۳.Міне, Біз осылай, оны / еске салатынды / арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануын / не еске алуларын ояту / пайда ету / үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік
۱۱۴.әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / әрі әл-Хақ / кемел Хақ / Аллаһ өте жоғары. / Ей, Мұхаммед! / Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен / оны қайталауға / асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп
۱۱۶.Әрі кезінде Біз періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», - дедік. Сонда олар сәждеетті. Ал, Ібіліс бас тартты
۱۱۷.Сонда Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде бүл / Ібіліс / саған және сенің жұбайыңа жау. Ол екеуіңді Жәннаттан шығарып жібермесін. Онда бақытсыз боласың
۱۲۰.Сонда шайтан оны азғырып: «Ей, Адам! Саған мәңгілік ағашын және бітіп таусылмас билікті көрсетейін бе?» - деді
۱۲۱.Екеуі одан жеді. Сонда оларға ұятты жерлері көрініп, олар өздеріне жәннаттың жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына бойсұнбай адасты
۱۲۲.Кейін Раббысы оны таңдап, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті әрі тура жолға түсірді
۱۲۳.Аллаһ / айтты: «Екеуің / Адам менХауа / одан / жәннаттан / бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма / тура жолыма / ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», - деді
۱۲۴.Ал, кім Менің еске салуымнан / Құраннан / теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз
۱۲۶.Аллаһ / айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», - дейді
۱۲۷.Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жазасын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы өте қатты әрі үздіксіз / тұрақты
۱۲۸.Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар
۱۲۹.Ей, Мұхаммед! / Раббыңнан алдын-ала Сөз және белгіленген мерзім болмағанда, әлбетте / жазаның бірден болуы / міндетті түрде болар еді
۱۳۰.Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте
۱۳۱.Біз олардың кейбіреулеріне сынақ үшін берген осы өмірдің сән-салтанаты болған түрлі нәрселерге көзіңді салма. Ал, Раббыңның ризығы қайырлы әрі тұрақты
۱۳۲.Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі
۱۳۳.Олар / кәпірлер / : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы / сухуфтардағы / анық дәлелдер келген жоқ па
۱۳۴.Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» - дейтін еді
۱۳۵.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», - деп