خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты / Құранды / түсірген және онда / Құранда / ешбір қисықтық, ауытқу / кемшілік / жасамай
۱۷.Ей, Мұхаммед! / Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның / үңгірдің / ортасында болды. Бұл - Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың
۱۹.Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік / ояттық / . Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын
۲۱.Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді
۲۲.Бұлар: «Олар үшеу, төртіншісі олардың иті», -деді және: «Олар бесеу, алтыншысы олардың иті», -деп жорамалдап, ғайыпты білмекші болды. Сондай-ақ олар: «Жетеу, сегізіншісі олардың иті»,-деді. Айт: «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Оларды тек азынан басқа ешкім білмейді»,- деп. Олар жайында ашық түрде ғана сөзге бар әрі олар жайлы бұлардың / кітап иелерінің / ешқайсысынан сұрама
۲۸.Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын / разылығын / қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба
۲۹.Әрі айт: «Ақиқат - сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін / иманға келмесін / »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын
۳۱.Оларға ’Адн Жәннатының бақтары бар, олардың астынан өзендер ағып жатады. Олар онда алтыннан болған білезіктермен сәнденеді, жұқа және қалың жібектен жасыл киімдер киіп, перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Бұл не деген жақсы сый әрі неткен көркем мекен
۴۹.Әрі Кітап / амал дәптері / қойылады, сонда қылмыскерлердің ондағы нәрседен / тіркелген күнәларынан / қорыққанын көресің. Олар: «Сорымыз құрысын! Кішісін де, үлкенін де қалдырмай сақтаған бұл қандай кітап?» - дейді. Әрі олар істеген амалдарын қарсы алдарынан табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді
۵۰.Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман
۵۷.Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген / теріс / амалдарын / күнәларын / ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. / Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді
۸۲.Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен / өздігімнен / істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы»