۳.Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі
۹.Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз
۱۹.және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың / . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік
۲۰.Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық
۲۲.Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер
۲۹.Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді
۳۳.Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді
۳۹.Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын
۴۲.Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді
۴۵.Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында
۴۷.Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады
۵۲.Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді
۵۴.Ибраһим / : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді
۶۵.Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді
۷۱.Лұт / : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді
۷۲.Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр
۷۳.Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды
۷۴.Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық
۸۳.Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты
۸۵.Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат
۸۸.Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін
۹۴.Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл