خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф, Ләм, Ра. бұлар - анық Кітаптың аяттары
۳۱.Ол / әйел / олардың құлықтары жайлы естіген кезде, оларға / шақыру / жіберді. Әрі олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі. Сөйтіп әрбіреуіне / жемістерді аршу, кесу үшін / пышақ беріп, / Йусуфке / олардың алдына: «Шық», - деді. Олар оны көрген кезде / таңырқай / оны ұлы санап, өз қолдарын кесіп алды. Олар: «Аллаһ пәк! Мынау адам емес, бұл ір құрметті періште ғой», - деді
۳۶.түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», - деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», - деді
۳۷.Ол: «Сендерге ризық етіп берілетін қандай да бір тағам келмесін, әлбетте ол келгенге дейін, оны түсіндіріп, екеуіңе айтып беремін. бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Ақиқатында, мен Аллаһқа сенбейтін адамдардың дінін тәрк еттім және олар Ақирет күніне күпірлік етушілер / оны теріске шығарушылар
۳۸.Әрі мен аталарым Ибраһимнің, Исқақтың және Йаъқубтың дініне ердім. Бізге Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосуымызға болмайды. бұл Аллаһтың бізге әрі адамдарға жасаған ұлы кеңшілігінен. Алайда, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / т
۴۰.Сендердің Одан өзге табынатындарың өздерің және аталарың ат қойып алған бір есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірмеген. Үкім ету билігі тек бір Аллаһта. Ол Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді бұйырды. Міне, осы - тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді
۶۵.Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл - бір жеңіл өлшеу», - деді
۶۷.Ол: «Әй, балаларым! Бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпалардан кіріндер. Мен сендерге Аллаһтан келгенге көмек бере алмаймын. Үкім ету иелігі Аллаһта ғана, мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / Оған / Аллаһқа / жүгініп, істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді
۷۶.Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны / ұрланған затты / бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда. Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар
۸۰.Олар үмітсіздікке түсіп, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Әкелерінің сен­дерден Аллаһтың алдында серт алғанын білмейсіңдер ме? Әрі бұрын Йусуфке байланысты қателік жасадыңдар. Әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін осы жерден кетпеймін. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы
۱۰۰.Сөйтіп ол ата-анасын жоғары, биік орынға отырғызды. Әрі олар оған / құрмет ретінде / маңдайларын жерге тигізді. Ол:«Уа, әкешім! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы осы. Раббым оны шындыққа шығарды. Әрі мені мен бауырларымның арасын шайтан наз'ғ (бұзу, араны бұзу) қылғаннан кейін / іріткі са­лып, бұзған соң / , Ол / Аллаһ / мені түрмеден шығарып сендерді шөл даладан келтіріп, маған игілік жасады. Ақиқатында, Раббым қалаған құлына өте Мейірбан.Ол бәрін Білуші, аса Дана
۱۰۹.Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма