خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф, Ләм, Ра. Міне, осы - дана Кітаптың аяттары
۳.Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ, Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол барлық істі басқарады. Ол рұқсат бергенге дейін, ешкім де / біреу үшін / ара түсе алмайды. Міне, осы - Аллаһ, сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алсаңдар болмай ма
۴.Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, Ол жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар
۱۵.Оларға анық аяттарымыз оқылған кез­де, Бізбен жолығуды үміт етпейтіндер: «Сен бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған оны өздігімнен өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп
۱۸.Олар, Аллаһтан өзге өздеріне зиян да жеткізбейтін және пайда да келтірмейтін нәрсеге құлшылық етеді әрі: «Бұлар Аллаһтың алдында бізге шапағат етушілер», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сонда сендер Аллаһқа, аспандарда және жерде Ол білмейтін бір нәрсе бар деп, оның хабарын бермекшісіңдер ме?» - де. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосатындарынан пәк әрі жоғары
۲۲.Ол / Аллаһ / сондай, сендерді құрылықтажәне теңізде жүргізеді. Сендер кемеде болғандарыңда әрі ол / кеме / бір жайлы желдің көмегімен оларды алып жүзгенде олар бұған қуанады. Оған бір дауылды жел соғып әрі әр тараптан толқындар келіп, олар өздерін қоршауда қалып, құрыдық деп ойлаған сәтте дінін / құлшылықтарын / тек Оған / cepiк қосу, риядан / тазартқан күйде: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады
۲۳.Ал, Ол / Аллаһ / оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде / олай етуге / құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол / істеген әділетсіздіктерің / осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың - Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз
۲۴.Шын мәнінде осы дүниелік өмір - Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа / өсіп / , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған / өнімге / қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
۲۸.Сол / есеп / Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға / мүшріктерге / : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» - дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар
۳۱.Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?» - деп. Олар: «Аллаһ», - деп айтады. Айт: «Ендеше Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?» - деп
۳۵.Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан ақиқатқа алып баратын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ ақиқатқа апарады. Ілесуге, ақиқатпен Жүргізуші құқылырақ па, әлде өзін тура жолға салып жүргізбесе, өзі тура жолмен жүре алмайтын біреу ме? Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар
۶۱.Ей, Мұхаммед! / Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта
۶۸.Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Ол - әл- Ғани / бай, еш нәрсеге мұқтаж емес / . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған / Аллаһтың бала иемденуіне / ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма
۷۱.Ей, Мұхаммед! / Оларға Нұх жайлы хабарды оқы. Ол еліне: «Әй, елім! Егер менің араларыңда болуым және Аллаһтың белгілерін ескертуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Сендер / қосқан / серіктеріңмен бірігіп, кейін маған байланысты ашық әрекет етіңдер әрі маған мұрсат бермеңдер
۸۸.Мұса: «Раббымыз! Ақиқатында, Сен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне бүл өмірде сән-салтанат және байлық бердің. Раббымыз! Олар оны жолыңнан адастырулары үшін / пайдаланды / Раббымыз, олардың дүниелерін жой және олардың жүректерін қатайт! Олар қинаушы азапты көргендерінше иманға келмесін», - деді
۹۰.Біз Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Фиръаун мен оның әскері әділетсіздік әрі дұшпандықпен, олардың соңынан қуды. Ал, ол / Фиръаун / суға батар кезінде: «Исраил ұрпақтары сенген құдайдан басқа ешбір құдайдың жоқтығына сендім. Мен де Мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - деді
۹۳.Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді