خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Аспандардағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол өте Үстем, аса Дана
۶.Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сен­дерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде / жіберілген / Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», - деді
۱۴.Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты / . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды