خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сенімен өзінің күйеуі жайында тартысып, әрі / оның үстінен / Аллаһқа шағым жасап жатқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің өзара әңгімелеріңді естиді. Сөзсіз, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші
۴.Сонда кім / азат ететін құл / таба алмаса, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы тиіс. Кімнің / бұған / шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырсын. Бұл - сендердің Аллаһқа және Оның елшісіне сенгендіктерің үшін. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ал, кәпірлерге күйзелтуші азап бар
۷.Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аспандардағы және жердегі нәрселерді білетінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Үшеу құпия сөйлессе, Ол төртіншісі, бесеу сөйлессе, Ол алтыншысы болады. Әрі бұдан аз не көп болса да, олар қайда болмасын Ол әлбетте олармен бірге. Со­дан кейін Ол Қайта тірілу күні оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Ақиқатында Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
۸.Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» - дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман
۱۱.Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», - делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ - сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар
۱۳.Сендер / Елшімен / оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етсе,онда намазды / барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық / орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ - сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар
۲۲.Аллаһқа және Ақирет күніне сенетін адамдардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің, мейлі ол әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен / Өзінің көмегі, мейірімі және білімімен / қолдаған. Әрі Ол / Аллаһ / оларды астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, олар Оған разы болды. Міне, солар - Аллаһтың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың жақтастары мұратына / бақытына / жетушілер