۲۳.Олар / пұттар / бар болғаны өздерің және аталарың қойған құр есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірген жоқ. Оларға / мүшріктерге / Раббысынан тура жол келсе де олар жорамалдарына және жандары ғана ереді
۲۶.Аспандардағы қаншама періштенің ара түсуі / шапағаты / ешқандай пайда бермейді, егер тек Аллаһ Өзі қалаған және разы болғандар үшін рұқсат бермейінше
۲۷.Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды
۲۸.Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында - болжам ақиқаттың орнын баспайды
۲۹.Ей, Мұхаммед! / Біздің Еске салуымыздан / Құраннан / сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл
۳۰.Олардың білімінің жеткен жерлері - міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі
۳۱.Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, - Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін
۳۲.тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді / Адам атаны / жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жақсы біледі
۵۲.ал, одан бұрын Нұхтың елін де / жойғандығы жайлы / . Анығында, олар өте әділетсіз әрі шектен шыққандар еді