۱۵.Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында
۲۵.Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді
۲۸.Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі
۳۰.Олар / періштелер / : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді
۴۰.Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды
۴۴.Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді
۵۰.Ей, Мұхаммед! / : «Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар / . Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін
۵۱.Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт
۵۲.Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді
۵۶.Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым
۵۷.Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын
۵۹.Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын