خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Ей, адамдар! Сендерді бір адамнан / Адам ғ.с. / жаратқан әрі одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен көп ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыңызға тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Бір-біріңнен Ол арқылы / Оның атымен / сұрасатын Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және туыстық байланыстарды / үзуден сақтаныңдар / ,Ақиқатында, Аллаһ - сендерді толық Бақылаушы
۳.Егер жетімдерге / жетім қыздарға үйленуге / қатысты туралық ете алмаудан қорықсаңдар, онда өздеріңе ұнаған әйелдерден екі, үш және төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда бір әйел немесе қолдарындағы күндерің болады. бұл - әділеттіктен ауытқымауларыңа көбірек жақын
۶.Жетімдерді неке / балиғат / жасына жеткендерінше сынаңдар. Егер олардан естиярлық байқасаңдар, мал-дүниелерін өздеріне тапсырыңдар. Оны ысырап етіп, олардың есеюлерінің алдын орап жемеңдер. Әрі кім бай болса, сақтансын / одан пайдаланбасын / . Ал, кім кедей болса, құпталғанға сай, жөнімен ғана жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, куәгерлерді қатыстырыңдар. Аллаһ - Есеп алушы ретінде жеткілікті
۱۱.Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер / марқұмның / баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы / ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін / беріледі / . Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл - Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۱۲.Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін / беріледі / . Сондай-ақ Оларға да / әйелдеріңе / балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін / беріледі / . Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар / мирастың / үштен біріне ортақ болады. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей / беріледі / . Бұл - Аллаһтан / бекітілген / бір өсиет. Аллаһ - бәрін Білуші / ’Алим / , аса Жұмсақ, Ұстамды / Халим
۱۹.Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар / өз әйелдерің / анық азғындық-жиіркенішті іс / ойнастық / істемесе, оларға бергендеріңнің / мәһрдің / бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай / жақсы / қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар / сабыр сақтаңдар / ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр / игілік / жасап қоюы мүмкін
۲۳.Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің / бұрынғы күйеуінен болған / қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену - тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۲۴.Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе / тыйым салынды / . Бірақ қол астарыңдағы / соғыстан түскен / күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны / үкімі / осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен / мәһр беріп / талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену - сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, / оның көлемін / өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۲۵.Сендерден басы азат иманды / мүмін / әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды / мүмін / күңдердің біріне / үйленсін / . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер - бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс / ойнастық / істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың / жазаның / жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۳۴.Ер адамдар әйелдерді - Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті - басқарады. Ізгі әйелдер - бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен / күйеуі / жоқ кезде / аманатты / сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде / бір уақыт! тастап қойындар және оларды / батырмай / ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен
۳۶.Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай-ақ жақындарға, жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жанындағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да. Ақиқатында, Аллаһ менменшілді, мақтаншақты жақсы көрмейді
۴۳.Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін әрі жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғанға дейін намазға жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші / бір себеппен мешіттен өтуші / болса, жөні бөлек. Ал, егер, науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу әжетке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңдыұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
۴۶.Иудейлердің арасында сөзді өз орындарынан өзгертетіндер және тілдерін бұрап әрі дінге тіл тигізіп «Естідік те қарсы келдік», «құлақ ас, тыңдалусыз қалғыр» және «Раъина» / Бізге көңіл бөл / деп айтатындар бар. Егер олар «Естідік те бойсұндық», «Тыңда» және «Үнзүрна» / Бізге қара / - деп айтқанда, өздері үшін қайырлы әрі туралыққа жақын болар еді. Алайда, Аллаһ оларды күпірлік еткендері / иманнан бас тартқандықтары / үшін лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / . Олардың азы ғана иманға келеді
۴۷.Ей, Кітап берілгендер! Біз беттерді сүріп, оны арттарына бұрып жіберуімізден немесе сенбі күнге қатысты тыйымды бұзғандарды лағнет еткеніміздей, оларды лағнет етуімізден бұрын өздеріңдегіні / Тәуратты / растаушы етіп түсіргенімізге / Құранға / сеніңдер, Аллаһтың әмірі міндетті түрде орындалады
۵۸.Шын мәнінде, Аллаһ сендерге - аманатты өз иелеріне тапсыруды және адамдардың арасына үкім етсеңдер, әділдікпен үкім етулеріңді бұйырады. Аллаһтың сендерге насихат еткендері / бұйырғандары мен тыйымдары / қандай жақсы! Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші
۵۹.Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы
۶۴.Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, / адамдардың / оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар / адамдар / өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді
۷۵.Сендерге Аллаһ жолында және: «Раббымыз! Бізді тұрғындары әділетсіз болған осы қаладан шығар және бізге Өз тарапыңнан бір қамқоршы қыла гөр әрі бізге Өз тарапыңнан бір жәрдемші бере гөр», - деп айтатын шамасыз қалған ерлер, әйелдер және балалар үшін соғыспайтындай не болды
۷۷.Өздеріне: «Қолдарыңды / соғыстан / тыйыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер» - деп айтылғандарды көрмедің бе? Қашан оларға соғыс міндеттелген кезде, олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай немесе одан да қатты қорқады. Сондай-ақ олар: «Раббымыз! Бізге не үшін соғысуды жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктіргеніңде еді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өмірден пайдалану - арзымас нәрсе ғана. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы, сендерге құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды», - деп
۸۱.Олар / мұнафиқтар / : «Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға / тәуекел етуге / Аллаһ жеткілікті
۸۳.Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс / хабар / келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның / мән-жайын / білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер
۸۹.Олар / мұнафиқтар / өздері күпірлік еткендей / жүректерінде иманды теріске шығарғандай / , сендердің де күпірлік еткендеріңді / имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар
۹۰.Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды / рұқсат бермейді
۹۱.Жақында сендер басқа біреулерін кездестіресіңдер. Олар сендерден де аман болуды әрі өз қауымдарынан да аман болуды қалайды. Қашан олар бүлікке қайтарылса, оған дендей түседі. Егер олар сендерді жайларыңа қалдырмаса, сендерге' бейбіт келісім ұсынбаса және қолдарын тыймаса, оларды ұстаңдар да кездескен жерлерінде өлтіріңдер. Міне, осыларға қарсы сендерге анық дәлел кетірдік
۹۲.Иманды жанның / мүміннің / иманды адамды / мүмінді / өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және / өлген кісінің / туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі / тиіс / . Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда / оның / туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
۹۴.Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
۹۵.Иманға келгендерден себепсіз / соғысқа шықпай / отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары / себебі / барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді / үйлерінде / отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті
۹۷.Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман
۱۰۰.Кім Аллаһ жолында / иманын сақтау үтін / қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы - Аллаһта. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
۱۰۲.Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
۱۱۳.Ей, Мұхаммед! / Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты / сүннетті / түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен
۱۱۹.Әрі оларды әлбетте адастырамын және оларда / жалған / арман, / бос / қиялдарға үміттерін оятамын / дәмелендіремін / . Әрі мен міндетті түрде бұйырамын, сонда олар малдардың құлақтарын тіледі. Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Аллаһтың жаратқанын өзгертеді», - деді. Кім Аллаһты қойып, шайтанды дос, жақтас етіп алса, әлбетте анық зиян шегумен шығынға батты
۱۲۷.Ей, Мұхаммед!! Олар сенен әйелдер жайында бекітілгенді сұрайды. Айт: «Олар жайында Аллаһ сендерге шешім береді әрі өздеріңе Кітапта оқылатын - жетім әйелдерге тиісті болған нәрсені бермей, оларға үйленуді қалайтындар жайлы және әлсіз жас балалар жайлы әрі жетімдерге әділдікпен қарауларың жөнінде де», деп. Қандай да бір қайыр жасасаңдар, ақиқатында Аллаһ - ол жайлы біледі
۱۲۸.Егер бір әйел күйеуінің / өзімен / қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларын келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені келісім - қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, анығында Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
۱۲۹.Сендер қанша тырыссаңдар да / әрекеттенсеңдер де / әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
۱۳۱.Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / !» - деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Әрі Аллаһ - Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы
۱۳۵.Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол - / ісі қаралушы / бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
۱۳۶.Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол / одан / алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе / сенбесе / , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты
۱۴۰.Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», - деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы
۱۴۱.Солар / мұнафиқтар / сендерді аңдып, егер сендерге Аллаһтан бір жеңіс болса: «Біз де сендермен бірге емес пе едік?» - дейді. Ал, егер кәпірлерге бір үлес тисе: «Біз сендерден үстем болып, өздеріңдіиманға келгендерден қорғамадық па?» - дейді. Аллаһ араларыңа Қайта тірілу күні үкім қылады. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / қарсы ешқашан кәпірлерге жол бермейді
۱۴۶.Алайда, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , өздерін түзеткен және Аллаһтан мықты ұстап әрі діндерін бір Аллаһ үшін ықыласпен арнағандардың жөні бөлек, міне, солар - имандылармен бірге. Жақында Аллаһ имандыларға / мүміндерге / ұлы сый береді
۱۵۳.Ей, Мұхаммед! / Кітап түсірілгендер / иудейлер / сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» - деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды / табынатын зат етіп / алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік
۱۵۵.Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / қарсы келулері, мойындамаулары / ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» - деп айтулары себепті, әрине оны / жүректерін / күпірліктері / шүкірсіздіктері / салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді
۱۵۷.және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», - деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға / басқа біреу / ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді
۱۶۲.Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және / ей, Мұхаммед, / саған түсірілгенге / Құранға / әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, - міне, соларға ұлы сый береміз
۱۷۰.Ей, адамдар! Елші сендерге Раббыңыздан ақиқат алып келді. Ендеше өздеріңе қайырлы / түпкілікті жақсы / болуы үшін иманға келіңдер. Ал, егер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер, сенбесеңдер / , ақиқатында, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - бәрін Білуш, аса Дана
۱۷۱.Ей, Кітап / Інжіл / берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих - Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ - жалғыз құдай. Ол - баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті
۱۷۶.Ей, Мұхаммед! / Олар сенен бір шешім / жайлы / сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы / қарындасы / болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы / қайтыс болып / баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер / ер кісінің / қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар / мирасқорлар / ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші