خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Барлық мақтау аспандарды және жерді жоқтан бар етіп жаратқан, екі, үш және төрт қанаттары бар періштелерді елшілер еткен Аллаһқа. Ол жаратқандарында Өзі қалағанын арттырады. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
۱۱.Аллаһ сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді . / әйел, еркек етіп / жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша / белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен / ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл
۱۲.Екі теңіз бірдей емес. Мынау - тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау - тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін онда / теңізде / жүзіп бара жатқан кемелерді көресің
۱۳.Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты етті. / Олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, / осының бәрін жасаған / сендердің Раббың - Аллаһ. Билік - Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды
۱۴.Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды
۱۸.Бір де біреу / қиямет күні / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Егер көтергені / күнәсі / ауыр болған біреу, өз жүгін көтерісуге шақырса, жақыны болса да ешкім оның жүгінен бірер нәрсені де көтеріспейді. / Ей, Мұхаммед! / Негізінде, сен Раббысын көрмей тұрып Одан қорқатындарды және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындағандарды ғана ескерте аласың. Ал, кім тазарса, өзі үшін тазарады. Әрі қайту - Аллаһқа
۳۲.Кейін Біз Кітапты құлдарымыздан таңдап алғандарымызға / Мұхаммед үмметіне / мирас еттік. Олардың ішінде өздеріне-өздері әділетсіздік етушілер бар, олардың ішінде орташалары бар және олардың ішінде Аллаһтың қалауы бойынша жақсылықтарда озық болушылар бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік
۳۷.Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. / Сонда Оларға / : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді / азапты / татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», - делінеді
۳۹.Ол сондай, сендерді жерде халифалар / орнын басушылар / етті. Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері / имансыздықтары / Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады
۴۰.Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді
۴۳.жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында / үкімінде / өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында / үкімінде / ауытқу таппайсың
۴۴.Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы
۴۵.Егер де Аллаһ адамдарды істегендері / күнәлары / үшін жазалайтын болса, онда оның / жердің / бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде / есепке тартылады / .Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші