خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф. Ләм. Мим
۱۰.Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе
۱۷.Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді
۴۵.Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі
۴۶.Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп