خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені
۲۳.Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле
۶۰.Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады
۶۴.Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды
۹۳.не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп
۹۷.Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз