خلیفه آلتای · қазақ тілі

۱.Әлиф, Ләм, Ра. Бұл - аяттары аса Дана, бәрінен Хабардардан анық баяндалып, түсіндірілген Кітап
۳.Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ол сендерді белгілі бір мерзімге / өлім келгенге / дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің / Қияметтің / азабынан қорқамын
۷.Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» - десең, күпірлік еткендер / қайта тірілуді мойындамайтындар / : «бұл - бар болғаны анық бір сиқыр», - дейді
۱۲.Ей, Мұхаммед! / Бәлкім сен олардың: «Оған бір қазына түсірілмей ме? Немесе онымен бірге періште келмей ме?» - деп айтатындары үшін өзіңе уахи етілгеннің кейбірін / кейінге / қалдырғың келер әрі оған кеудең сығылған болар. Анығында, сен - тек ескертушісің. Ал, Аллаһ - әрбір нәрсеге Өзі кепіл
۱۷.Раббысынан келген / Құран / және оған Оның тарапынан бір куә / Жәбрейіл / ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы / Тәурат / куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар - міне солар оған / Құранға / сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған / Құранға / күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / , оның уәделі орны - От. / Ей, Мұхаммед, / сондықтан одан / Құраннан / күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді
۲۷.Оның елінің күпірлік еткен / Оған сенбеген / уәзірлері мен бектері: «Біз сені өзіміз секілді адам көреміз әрі саған арамыздағы тек ең нашарлардың ойланбай-ақ ергенін байқаймыз. Сондай-ақ, сендердің бізге қарағанда бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», - деді
۳۱.Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», - деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», - деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні / жүректеріндегіні / жақсы біледі. Әйтпесе, / егер, олай десем / , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», - деді
۶۱.Сәмүд еліне ағайындары Салихті / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ақиқатында, Раббым - өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», - деді
۷۸.Сонда қауымы оған асыға жетіп келді. Олар жаман істерді бұрыннан жасайтын. Ол / Лұт / : «Әй, елім! Мына менің қыздарым, олар - сендер үшін таза. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / ! Әрі қонақтарыма қатысты мені қорламаңдар. Араларыңда бір дұрыс кісі болмағаны ма?» - деді
۸۱.Олар / періштелер / : «Ей, Лұт! Ақиқатында, біз - Раббыңның елшілеріміз. Олар саған жете алмайды. Түннің бір бөлімінде үй-ішіңді алып шық. Әрі сендерден ешкім бұрылмасын. Тек сенің әйеліңе ғана, оларға тиетін / апат / тиеді. Ақиқатында, олардың белгіленген мезгілі - таң. Таң жақын емес пе?» - деді
۸۴.Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің / Қияметтің / азабы тұтуынан қорқамын
۸۸.Ол / Шұғайып / : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған жақсы бір ризық берген болса, мен сендерге тыйым салған нәрсені өзім істеп, сендерге айтқаныма өзім кереғар келуді қаламаймын. Негізінде, мен шамам жеткенше, түзетуді ғана қалаймын. Әрі менің табысты болуым / маған көмек / тек бір Аллаһтан. Мен Аллаһқа • жүгініп, өзімді Оған тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі істеген күнәм үшін шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтамын / тәубе етемін
۱۱۶.Сендерге дейінгі ұрпақтардың ішінде, жер бетінде бұзықтықтан қайтаратын даналық иелері болғанда / елдеріне зор пайда әкелер еді / . Алайда құтқарғанымыздан олардан өте азы болды. Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды